А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы



бет2/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
20 ғасыр жауаппен

Ғ.Қарашұлының оқытушылық қызметі

Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ақын, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры. Ғұмардың 17 жасынан-ақ молда болып, 1892-1898 жылдары туған жері Құрқұдықта бала оқытқанын айтады. 1902-1910 жылдары да өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше (жаңаша) бала оқытқаны белгілі. Съезд төрағасы білікті маман, қазақ педагогикасының
теориялық негізін қалыптастырушы ғалымдардың бірі –
Ғ. Қарашев арнайы жазылған педагогикалық еңбектердің авторы,
қазақ халқының діни құндылықтарын педагогикалық ойлармен
байланыстыра зерттеуші болғандықтан, ХХ ғасыр басындағы оқуағарту ісін қолдаушы қазақ зиялылары арасында өзіндік беделге
ие болды. Оның съезге төрағалық етуі кәсіби мәселені орнықты
қоя білетін, жұмысты оңтайынан шешуге белсене кірісетін ағарту
саласындағы білікті маман екенін танытты, сондықтан съезге
қатысушылар оның пікірлері мен ұсыныстарына айрықша мән
беріп, ден қойып отырды. Съезде көтерілген мәселе «мұғалім
қандай талаптарға жауап беруі керек, мұғалім болмысы нені талап
етеді, педагогика этикасының шеберлігі қандай болуы тиіс, білім
беру мен тәрбие қалай жүзеге асуы керек» деген сияқты сауалдарды
қанағаттандыру үшін ол орнықты жауаптар берілді. Жалпы қазақ
мұғалімі бейнесінің әмбебап кейпін ұсынды десе де болады. Сонымен қатар съезде қазақ орфографиясы үшін комиссариат
жанынан жеті адамнан тұратын топ құру жоспарланды. Съезд емле
мәселесінен де айналып өтпеді. Біраз кеңестен соң, «Кітап жазу
комиссиясы қазақ емлесін бастан-аяқ меңгеріп, теріс деп тапқан
жерлерін өзгертуге ерікті болсын» деген қаулы шығарылды. «Оқу
құралдарын жетістіру, кітаптарды тәржіме ету және тағылым
журналын шығару үшін» сайланған комиссияға жеті адам – Ғұмар
Қараш, Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиев, Мұстафа Көкебаев, Ғали
Бегалиев, Халиолла Есенбаев, Ғабдол Бөкейханов және Ғабдолла
Мұқашев енгізілді. «Осы кісілер басқа қызметтен шығып, тек қана
кітап жазу қызметімен шұғылдансын» деген ұсыныс та қолдау
тапты. Одан кейін сол оқулықтарды дайындап‚ бастыру үшін
Ғ. Қарашев‚ Ғ. Мұсағалиев‚ М. Көкебаев‚ Ғ. Бегалиев‚ Х. Есенбаев‚
Ғ. Бөкейханов‚ Ғ. Мұқашев, Н. Манаев мүше болған комиссия
жасақталды. Оларға еңбек ақы ретінде айына 1000 сом белгіленді.
ХІХ ғасырдың екінші бөлігінде пайда болған, XX ғасырдың
басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни-ағартушылық
қозғалыс мұсылман әлемінде, әсіресе, Ресей түркі тілдес мұсылман
зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында белең ала
бастады. Бұл – Ресей империясының түркі халықтарының ағарту
үдерісінде елеулі тарихи маңызы болған – жәдидшілдік деп аталған
бағыт еді. Жәдиттердің халықты ағарту мен демократиялық
құқықтар үшін күресі, бір жағынан – исламды сақтау, екінші
жағынан – Еуропалық білімнің тиімді жақтарын игерумен
келіп тоғысып жатты. Ол өз кезегінде, түркі тілдес мұсылман
халықтарының рухани-мәдени дамуына үлкен үлес қосты. Бұл
оңды үдеріс Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілін насихаттау
аясында пайда болып, әрі қарай қазақ жәдидшілдері арқылы кең
құлаш жайған еді. Жәдиттердің оқу-ағарту саласындағы негізгі
ұстанымдарының бірі – мұсылман мектептерінде балаларды жаңа
бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде,
бұрынғыдай әріп құрастырушылық тәсілмен оқытпай, дыбыс
тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту. Жәдиттерді пікірі бойынша, жаңа тәсілді пайдаланып, әліпбиді үйрену
жеңілірек болғандықтан, халықтың көп бөлігі сауатты бола алады.
Сондай-ақ олар білім беру жүйесінің жалпы көрінісіне,
материалдық жақтарына, оқулықтары мен оқу бағдарламаларына
да түбегейлі өзгерістер енгізуді қолдаған болатын: мектептерде сәкі
орындықтарды, тақталарды, карталарды т.б. қолдану және Қазан,
Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа кітаптарды пайдалану,
балаларды сыныптарға бөлу, ал жалпы оқу уақытын әр түрлі
сабақтарға ажырату. Оқу бағдарламасына да тарих, жағрапия сияқты
академиялық ғылымдар енгізу көзделді. Шынында да, бұрынғы
оқыту тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болатын
болса, жаңа тәсіл бойынша бір жыл жеткілікті болған. Осындай
оқу тәсілін олар «төте оқу«, «төте жазу» деп атаған еді. Жәдиттер
мектеп жүйесін еуропаша түбегейлі өзгерткісі келгенмен, екінші
бір қырынан, білім беру тұрпатының діни негіздерін де сақтап
қалғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді еуропалық арнадағы
білім беруден бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа
тұрмыс салаларында діни ұстанымдар өзгерістерге түсе бастады.
Берік Аташ, Қуаныш Әлжан «ҒҰМАР ҚАРАШ» кітабынан



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет