А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев



бет8/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
20 ғасыр жауаппен

Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев


А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

4 емтихан билеті





  1. Әдеби ағым-бағыттар

Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр.mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, Эрнст Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды.
Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп болатыны да осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал-әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды.
Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды
қайта өрлеу,
барокко,
классицизм,
ағартушылық әдебиет,
сентиментализм,
романтизм,
реализм,
натурализм,
символизм
футуризм
формализм (түршілдік) деп бөлуге болады.

  1. М.Ж. Көпеевтің шығармашылық ғұмырнамасы

(1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары¬ар¬қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жа¬сағандықтан көрген бір тама¬шамыз” ат¬ты туын¬ды¬лары 1907 жылы Қазан қа¬ласындағы Құ¬са¬йы¬н¬ов¬тар бас¬па¬хана¬сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық¬қан 14 қалам ие¬сінің шығар¬ма¬ларын цен¬зура сот¬қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі¬мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы¬ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі¬мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек¬телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр¬ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын¬дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгі¬лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла¬рының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос¬тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз¬торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын бі¬леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ” – 200 жол¬дан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгі¬лерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол¬дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина-ғынан ала отырып, олардың бәрін қолжаз¬баның әр жеріне шашыратпай, бір же¬ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон¬дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы-рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет