«М» 9) Мектептің тәрбиелік жүйесі? Ж: Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда. Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда. Ол Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүзеге асып отырған нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жасалынады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», - деп атап көрсетілген. Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды үғым. Соған сәйкес оқушыларды: -ұлттық мәдениеттілікке тарту; -Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену; -қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру; -Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады 16) Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі, бағыттары.? Ж: Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 2. Рухани-адамгершілік тәрбие 3. Ұлттық тәрбие 4.Отбасы тәрбиесі 5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды 34) Мектеп оқушыларының ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттестігінің негіздері? Ж: Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін, практиқалық көмектерін аса қажет етеді. Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден, педагогиқалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Ата аналармен жеке кездесу. Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердін ата аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата аналарды мектепке шакыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата аналармен әңгімелесудің барысында баланын мінез құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата аналарды балаларынын үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата аналарға педагогикалық кеңес береді. Ата аналар жиналысы. Ата аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата аналар комитеті мен ата аналар белсенділері және мектеп басшылыра сынып жеткешілерімен бірдей жауап береді. Ата аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Мектеп өмірінде тақырыптық ата аналар жиналыстарын отырудын зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардын мақсаты ата аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалытарымен таныстыру, ой қорыту. Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата аналар алдында өнер көрсетеді. Ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардын мазмұны ата аналардын білім дәрежесіне,тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата аналар арасында дұрыс насихаталуы керек. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнын өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік еңбек тәжірібиесінің барысында, олардын көз қарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке өзін өзі даярлауға бет бұрады. Ата аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата аналар жиналысы бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі. 36) Мектеп оқушыларының ата-аналарымен ынтымақтастықта болу формасы?