Ж: Педагогикалық қолдау–бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау. Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді. Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы. 14) Педагогикалық қолдаудың мақсаты, принциптері? Ж: Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады? • Əр бастауыш сынып оқушысыныңжеке танымдық қабілеттерін дамыту; • Бастауыш сынып оқушысының жеке (субъектік) тəжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру, пайдалану, «мəдениеттендіру»; • бастауыш сынып оқушысының алдын ала жоспарланған ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына, өмірде өз орнын табуына жəне қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету. Негізгі принциптері жеке даралық; тұлға; күн талабына сай келетін мəселелерді өзі шеше алатын тұлға; өзіндік ойын білдіре алатын; субъективтілік; «Мен» концепциясы; таңдау; педагогикалық қолдау; сенімділік пен қолдау. Əдістеменің ерекшелі 15) Педагогикалық қолдаудың түрлері және әдістері?