Ж: Анықталған проблема бойынша жұпта немесе шағын топта әңгімелесу, ой толғау; «Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы; «Менің ойым» - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор; «Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау. Әрине, тәсілдер мен әдістер қолдану негізінде балалар өз өйларын ашық айта алады, өмірге деген сенімділігі артады. Педагогикалық қолдау – Өсуіне және жетілуіне жағдай жасау; Баланың өзіндік танымдық және өмірлік тәжірибе алу мүмкіндігін беру; Өз ісінің субьектісі болу мүмкіндігін беру, жеке танымдық тәжірибесіне дамыту «С» 17) Сынып жетекші іс-әрекеті-мектептің тәрбие үрдісінің табыстылығының негізгі шарты. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым? Ж: Сынып жетекшісінің міндеті-сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологияның мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай? 1.сыныптағы оқушылардың талар-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін Жан-жақты зерттеп білу 2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды ынтымағы жарасқан,белсенді,саналы ұжымға ұйымдастыру. 3.сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеб әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру,оқйшыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету. 4.Тәрбие үрдісінде мектептің,отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету. 5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап ,отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу. 6.оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелаеудің бірлігін қамтамасыз ету. 8.Тәрбие қызметінің тұтастығын ,жүйелілін,тәрбиелікщаралардың бірлігін қамтамасыз ету. 9.Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIXғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды. Сынып жетекшісіне қойылатын талап тар: 1.Жоғары моральдық бедел; 2.Педагогикалық шеберлік 3.Кең мәдени ой-өріс, 4.Педагогикалық әдептілік 5.Балларға деген сүйіспеншілік пен құрмет. 6.Ұйымдастырушылық дағдылардың болуы 7.Тәрбие жұмысына творчестволық табыс. 8.сынып жетекшісінің мамандығын арттыру. 18) Сынып жетекші жұмысының негізгі бағыттары?