1.Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділар әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады.
2.Ұжымда белсенділер айқындалған, талап солар арқылы қойылады, ұжым қалыптаса бастаған кез. 3.Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабан тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды. Тату да мақсатшыл ұжым өз мүшелерінің өмірін бай да, сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағынды қасметтері толық ашылады және одан әрі дамиды. Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: “Ұжымның -әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі менадай : оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер оңдайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жайғана топ немесе жиынтық болады”,-деді. Балалар ұжымын құру мен топтастыру- иұғалімдердің және ең алдымен класс жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады. 20) Ұжымдық-тәрбиелік істерді жоспарлау, ұйымдастыру және оны талдау әдістемесі? Ж: Класс ұжымын топтастырудың негізгі жолдары. Ұжымдық іс-шаралары ұйымдастыру. Оқушылар ұжымы әр түрлі шараларды ұйымдастыру жағдайына құрылады, өседі , нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әр іқызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмас, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды. Оқу жылы алдындағы класты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектеп ауласын көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрі өзіңнің ұжыммен байланысыңды сезінуіңе және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауыңа көмектеседі. Ұжымдық істер неғұрлым қызық болған сайын оқушылар ортақ іске өз күштерін соғұрлым қуана аранайды, оқушылар ұжымы соғұрлым мықтырақ болады., берік топтасады. Ұжымның топтасуына оқу жағдайы тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуге бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады. Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар класқа, мектеп қажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты. Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да маңызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар Жайық өзені жағасындағы өсімдік, жануарлар дүниесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезамі қалыптасқанда, өздерін еркін сезінеді. Бос уақыттарында театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердің қалыптасуының маңызды құралы.