«А» 26 Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары?



бет10/15
Дата05.06.2023
өлшемі67,46 Kb.
#98767
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТӘРБИЕ АЛФАВИТ РЕТІМЕН-1

Ж: Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1.Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін — өзін басқаруды дамыту.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания),жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
31) Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті?
Ж: Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі: Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру. Мектеппен отбасының байланысын жасау. Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек. К.Д. Ушинский “Адам — тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”. Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет: А) баланың денсаулығы; Ә) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы; Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы; В) мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін; Г) ‰лкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы; Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін; Е) еңбекке көзқарасы; Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы; З) интеллектуалдық дамуын; И) саяси сауаттылығын;
32) Сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар?
Ж: Сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулартың негізгі мақсаты – педагогикалық қызметкерлердің (мұғалім, сынып жетекшісі) лауазымдық міндеттерін анық айқындап, жұмыс барысындағы қарым-қатынасты реттеуге септігін тигізу. 1.Кәсіби біліктілігі жоғары; 2.Бәсекеге қабілетті; 3. Мейірімді; 4. Шыдамды; 5.Басқаларға қамқор; 6.Ұжымда жұмыс істей алатын; 7.Жаңашылдыққа бейімделгіш; 8.Толерантты; 9. Өз-өзіне сенімді; 10.Өз ісіне берілген; 11.Саламатты өмір салтын ұстанатын педагог
33) Сынып жетекшісінің өз қызметінде баланың тұлғасын және ұжымын танып білуі?
Ж: Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, соның негізіндс тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның, құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
38) Саяхат ойынының технологиясы?
Ж: Сабақ барысында таңғажайып саяхатқа аттанатыны айтылады.Олар “Білім” мұхитын жүзіп өтіп, қазыналы аралға баруы тиіс. Мұғалім кеме капитаны, оқушылар жас теңізшілер. Сынып 3 топқа бөлініп ,әр топ басшыларын сайлайды. Әр деңгейге өтіп , тапсырмалар орындалуы тиіс.Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында өз тәжірбемде сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Әрине, әр сабақтың құндылығы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. 8-сыныпта « Сезім мүшелері » тарауын қайталағанда « Қазыналы аралға саяхат » атты ойын сабағын өткіздім
Сабаққа оқушылардың « Сезім мүшелері » тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру, сезім мүшелері мен қоршаған орта арасындағы байланысты анықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға салауатты өмір салтын ұстануға тәрбие беру мақсатын қойдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет