«А» 26 Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары?


«П» 10) Педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасы?



бет7/15
Дата05.06.2023
өлшемі67,46 Kb.
#98767
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ТӘРБИЕ АЛФАВИТ РЕТІМЕН-1

«П»
10) Педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасы?
Ж: “Технология” деген термин гректің түп тамыры techne — өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді. “Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына – біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалаптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол”педагогтар – оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған. Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пеадагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақталы идея негізінде жасалынады. Г.М. Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарларымен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу –оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттерін шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» «оқу технологиясы», «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу мен ауқымдылау.Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды идеяларды, құрал-жабдықтарды сонымен бірге, жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьятченко және т.б.), екіншісі – тәрбие мен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.). «Педагогикалық технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi»,- деп тұжырымдаймыз. Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады: 1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды; 2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады; 3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
13) Педагогикалық қолдау ұғымы және оның мәні?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет