А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а


ОҚУШЫЛАРДЫ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА ҤЙРЕТУДІҢ



Pdf көрінісі
бет9/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90
ОҚУШЫЛАРДЫ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА ҤЙРЕТУДІҢ 
МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
 
Н.Келгенбайқызы – магистр, оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
Қ.Зейдін - оқытушы (Алматы қ., Алматы индустриалды колледжі) 
Аннотация: 
мақалада физикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы мен әдіс 
тәсілдері кӛрсетілген. Физика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, 
іс-әрекеті, ӛзара қарым-қатынасы және ӛзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау 
операциялары (талдау, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті 
қалыптасады. Физика пәнін оқытуда физикалық есептерді шығару – оқу үрдісінен бӛліп 
алуға болмайтын бір бӛлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды 
қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып үйренуіне, ойлау 
қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде 
маңызы зор.
Түйін сӛздер: 
талдау, салыстыру, сұрыптау, болжау, логикалық ойлау.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық 
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам 
ӛмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі 
технологияларын жетілдіру ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
Жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта 
оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, 
қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – 
талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны ӛсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, 
дамыған жеке тұлға дәрежесіне жеткізу. 
Қазіргі кезде оқушының сӛйлеу, талдау, салыстыру, логикалық ойлауын кӛтеру, 
шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі 
ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, ӛзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне 
айрықша мән берілуде. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде 
әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды ӛз жас ерекшеліктеріне, мүдделеріне сай 
оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін қолдану керектігі кӛзделген. Бұл жағдайда жаңа 
оқыту технологиясын енгізуді, оқушыларды ӛз бетінше білім алуға, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз 
ойын толық айтуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛлуді талап етеді. 
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, 
мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым 
бағыт берілуде. 
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндермен қатар физика пәнінің атқаратын 
рӛлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері 
қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі 
оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай 
арттыруға болады деген сұрақ туады.
Менің ойлауымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту 
әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда 
жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының 
әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына кӛңіл бӛлінуі тиіс.
Физика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, ӛзара 
қарым-қатынасы және ӛзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (талдау, 
салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. 
Физика пәнін оқытуда Физика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бӛліп алуға 
болмайтын бір бӛлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, 
оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, 
білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
21
Есептер шығару физикалық заңдарды оқып үйренуде, тереңірек және нақты білім 
алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді 
болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде 
табандылыққа, ӛзіндік жұмыс істеу, ӛз бетімен білім алу дағдысына ие болуға 
кӛмектеседі. 
Есеп шығарудың тәсілін таңдау арқылы ғана, есептің жауабын алу мүмкін емес. Ол 
үшін таңдап алынған тәсілді жүзеге асыру керек, яғни есептің шартындағы нысандарға 
және оның сипаттамаларына қажет болатын логикалық, математикалық немесе 
тәжірибелік амалдарды қолдану керек. 
Есеп шығарудың таңдап алынған тәсілі белгілі бір әдістердің жиынтығы арқылы 
жүзеге асады. Физикалық есептерді шығару амалдары сан алуан, оларды қолдана біліп, 
оқушылардың есеп шығара алу қабілетін анықтайды [1]. 
Кей жағдайларда жаңа есеппен бұрын шығарылған есепті салыстыра мыналарды 
байқаймыз: олардың тек нысандары немесе сипаттамаларының сандық мәндері ӛзгеше, 
немесе шамалар басқа бірліктер жүйесінде беріледі. Кейбір есептердің талабы, бұрын 
шығарылған есеп шартындай және керісінше болады. 
Есеп шығару үрдісін бірдей деп қарастыруға болады. Есеп шарты мен талабының 
түрлі болуына қарамастан, оқушылар олардың ортақ құрылысын, ұқсас есептерді 
шығарудың ортақ әдісі мен тәсілдерін байқай білу керек.
Бұлар қарапайым ұқсас есептер, олар белгілі бір есептің жекеше түрлері болып 
табылады. 
Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бӛлуге болады: 
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын 
түсіндіру. 
2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу. 
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық 
үрдістер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке кӛңіл 
аударылады. 
4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен 
кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау. 
5. Физикалық шамаларды ХБЖ жүйесінде жазу. 
6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы 
заңдылықты тауып, оны жазу. 
7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау). 
8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, тәжірибе нәтижесіне талдау жасау. 
9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру. 
10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін
алу [2-3]. 
Мысалы:
Серіппеге массасы 2кг жүк ілгенде ол 4см-ге ұзарады. Серіппені 2см-ден 
12 см-ге созу үшін атқарылатын жұмысты табыңыздар (g=10м/с
2
)? 
Орта мектепте осындай есептерде оқушылар не істерін білмей, атқарылатын жұмыс
болады деп механикадағы атқарылған жұмыспен алмастырып алады да неге артық 
шамалар беріліп тұр деп бастары қатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет