А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет6/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
 
 
ӘОЖ 621.11.24. 
ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӚНДІРУ – ЕЛІМІЗДЕГІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ 
ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІ
А.Қ.Ершина - ф.-м.ғ.д., профессор, А.Шақарбекқызы – магистр,
Л.С.Байқадамова –магистр (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: 
Мақалада әлемнің назарын аударған табиғи қорлардың шектеулі 
уақытта таусылуына байланысты мәселе қарастырылып, таусылмайтын энергия 
кӛздерінің бірі болып табылатын жел энергиясын ӛндіру елімізге тән табиғи 
құндылықтары кӛрсетіліп, электр энергиясының тапшылығының алдын алу жолдарының 
бірі екендігін дәлелденген. Сондай-ақ Елімізде ӛтетін ЭКСПО-2017 кӛрмесінің «Болашақ 
энергия» атты тақырыбына сай елеулі үлес қосатын жұмыс екендігінің айғағы.
Түйін сӛздер: 
желкенді, пропеллерлі, қанатшалы, тропоскина, Жоңғар қақпасы
меншікті жел жылдамдығы, Осиповтың тәжірибелері.
 
Қазақстанда белгілі бір жер бетіндегі температураның айырымдары туғызатын 
жеткілікті күшті желмен сипатталатын бірқатар аудандар бар. Бұлар негізінен орташа 
биіктікті тау жүйелерінің биіктеу бӛліктері. Келтірілген осындай аймақтардың 
сипаттамалары тӛмендегідей: 
Шу-Іле таулары:
Іле Алатауының Тянь-Шань солтүстік батыс бӛлігі. Биіктік 
белгілері 1300 м-ге дейін. Ұзындығы 200 км және ені 25-50 км таулы, тӛбелі үстірт. 
Мұғалжар таулары:
Оралдың оңтүстік шеті. Биіктігі 650м-ге дейін ұзындығы 
120км, ені 10 км-ге дейін тӛбелі тізбектер. 
Қаратау жотасы:
Тянь-Шанның солтүстік батыс жағында орналасқан. Биіктігі 
2000м-ге дейін. Тӛбелері шектелген. Ұзындығы 280 км, ені 20-50км. Ұлытау таулары 


14 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Қазақстанның ұсақ шоқысының батыс жағында орналасқан. Желді пайдалану үшін 
биіктігі 500-600м болатын солтүстік аймақтары қолайлы. 
Маңғыстау таулары:
Маңғышлақ аралында орналасқан. Биіктігі 500м-ге дейін. 
Ұзындығы 200км және ені 50км. 
Ереймен таулары:
Қазақстанның ұсақ шоқысының солтүстігінде орналасқан. 
Биіктігі 900м. Ұзындығы 100км және ені 10-25км. 
Бұл аудандардан басқа Батыс Қазақстандағы Үстірт қыратын және Каспий бриздерін 
атауға болады. Әсіресе Жоңғар қақпаларын ерекше айтқан жӛн. Бұл салыстырмалы 
кішігірім ұзындығы 80км және ені 20-дан 10 км-ге дейінгі үстірт, 500м биіктікте 
орналасқан және екі ойпатты Қазақстан жағынан Алакӛл, Қытай жағынан Эбинурды 
қосады. Бұл тау аралық жазықтық екі жағынан биіктігі 3000м болатын тау жүйеcімен 
кӛмкерілген. Жоңғар қақпаларында 200км/сағ. астам жылдамдықты желдер белгіленген. 
Желдің мұндай күшінде 1 сағатта 1 шаршы метрден (1м
2
) жел электр құрылғысының 
(ЖЭҚ) пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) – 0,4 болғанда сағатына 200 МВт энергия 
ӛндіруге болады. 100 км/сағ жылдамдықты боранда ұзақ соғатын желдер (100 сағат) 
күзден кӛктемге дейін созылады. Жазғы уақытта ұзақ мерзімді тыныштық орнайды [2,3]. 
1-сурет. Энергияны ӛндірудің меншікті жел жылдамдығына тәуелділігі. I-Мұғалжар 
таулары; II-Қаратау жотасы; III-Ерейментау; IV-Шу-Іле таулары; V-Ұлытау; VI-
Маңғыстау; VII-Жоңғар қақпалары. 
Қазақстанның жел энергетикалық ресурстары 1980 жылы жуықтап алғанда жылына 
32,2 триллион кВт сағ-қа бағаланады. Ӛзімізге осы жел ресурстарының масштабтарын 
елестету үшін 1-кестеде электр энергиясы туралы мәліметтер келтірілген .
1-кесте1980 жылы ӛндірілген электр энергиясы(жылына млрд кВт сағ) 
Қазақстан 
ССРО 
Жер шары 
83 
1400 
12040 
Бұдан, Қазақстанның әлемдегі барлық елдерді қоса алғандағы ӛндірген энергиядан 3 
есе асып түсетін жел энергиясына ие екендігі кӛрінеді. Әйткенмен Қазақстанның 
практикалық шектелмеген жел энергиясының ресурстарына ие бола отырып оларды қазір 
қолданбауда. Бұл бәрінен бұрын жел энергетикалық құрылғыларды жасайтын сәйкес 
ӛнеркәсіп 
орындарының 
болмауына 
байланысты. 
Барлығы 
экономикалық 
қиыншылықтарды алға тартады, бірақ шетелден дайын агрегаттарды сатып алу 2-3 есе 
қымбат (жеткізу, монтаждау, жӛндеу жұмыстарын жасау үшін периодты түрде кӛмек алу). 
Мұнымен қоса Қазақстан технологиялық жағынан тәуелділікте болады, қосымша жұмыс 
орындары болмайды [6]. 
Біздің республикамызға территориясы күшті ерекшеленетін климаттық жағдай тән. 
Жұмсақ климатты елдің оңтүстік аудандарында, Каспий маңында жел энергетикалық 
қондырғыларын (ЖЭҚ) қолайсыз метеофакторлардан қорғамай-ақ пайдалануға болады. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
15
Климаты шұғыл континентальді және қысы қатаң солтүстік, оңтүстік, батыс аймақтары 
айрықша жел электр қондырғысын (ЖЭҚ) қажет етеді. Мұнда кӛп күндік қарлы борандар 
және мұз қатып қалу құбылыстары жиі және жылуға жел электр қондырғысының (ЖЭҚ) 
электр энергиясына зәру кезде олар істен шығып қалады. Қондырғыға жабысқан ылғалды 
қардың температурасы тӛмендеп және оларда ауыр мұзды жамылғының түзілуі есебінен 
бүлінеді. Сондықтан жаңа перспективті ЖЭҚ-ын жасау үшін, сонымен қатар ол күрделі 
метео жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті болу үшін ӛзіміздің тәжірибеміз, ӛндірісіміз, 
технологиямыз болуы қажет [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет