Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
33
- баланың ӛмір тіршілігіне және ары қарай оқуын жалғастыру үшін қажетті білім-
білік дағдыларын
қалыптастыру;
- баланың ақыл-ойының дамуына, белсенділігінің қалыптасуына септігін тигізу.
Оқушының білім-білік дағдыларына қойылатын негізгі талаптар:
- берілген тапсырмаларды тиянақты әрі уақтылы орындау:
- топпен жұмыс істеу арқылы пікірлесіп жауап табу;
- тынымсыз іздене отырып, ӛз ойын еркін айту, оны дәлелдеп қорғай білу;
- ауызша тез есептеу дағдыларын қалыптастыру;
- салыстыру қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтан тыс жұмыстарда техникалық шығармашылық үлкен орын алады.
Оқушылардың техникалық үйірмелердің барлық түрлерін шартты түрде қарастыралық:
1.
Жалпы техникалық дайындық «Шебер қолдар» техникалық модельдеу.
2.
Шығармашылық конструкторлық.
3.
Жалпы техникалық немесе ауыл шаруашылық техникасы.
4.
Пәндік (ғылыми-техникалық): физикалық, физика-техникалық, химиялық,
агрохимиялық,астрономиялық.
5.
Ӛндірістік (пәндік): ағаш ұстасы,
слесарлық, токарьлық.
Сыныптан тыс жұмыстардың бағдарлама тақырыптары физика оқулығындағы
тақырыптарға сәйкес құрастырылғанымен жүргізілген жұмыс формасы басқаша
ұйымдастырылған. Бағдарлама материалдарының мазмұны сабақ ӛтілетін сыныптың
жағдайына қарай топтастырылады. Оқушылардың физикалық білім - білік дағдыларының
жетілуін, дамуын тексеру мақсатында әр тоқсан соңына қарай тест тапсырмалары мен
практикалық мазмұнды есептер беріледі. Ол тапсырмалар алынған соң тексеріліп,
оқушылардың даму деңгейі әр кезеңде анықталынады. Әр сабақтың сапасы, тиімділігі
оның мақсаты мен мазмұнының сәйкестігі бойынша анықталады.
Сабақ барысында
мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталуы тиіс. Оған
әрбір ұстаздың теориялық және практикалық білім деңгейі, шеберлігі шығармашылық
ізденісі, әдіс-тәсілдерді іріктеуі және қолдануы, яғни мұғалімнің сабақты дұрыс
ұйымдастыруы арқылы қол жеткізуге болады.
Сонымен бірге физикадан ғылыми-кӛпшілік кештер сыныптан тыс жұмыстардың
тартымды да пайдалы түрі. Бұл кеш оқушылардың физика мен техникаға еліктеуінің
бастамасы болады.
Кештердің түрлері бұл мектеп оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстардың
тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер - қызықты физика, физика-техникалық кештер,
тақырыптық және мерекелік күндерге арналған кештер болады.
Қызықты физика кеші ерекше орын алады. Әсіресе 7-8
сынып оқушыларының
қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Оқушылармен жүргізілген
жұмыс түрінің әртүрлілігі физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Дәстүрлі
қызықты тәжірибелер, аттракциондар, викториналар, сӛзжұмбақтар, ойындардан ӛзге де
жұмыс түрлері оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы қысқа ғана қызықты
физикалық әңгіме - жұмбақтар: физикалық қатесі бар әңгімелер; кішігірім қызықты
пьесалар, сұрақтармен берілген жұмбақ суреттер және т.б.
Кештің мақсаты - физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген
жағдайдың
ӛзінде-ақ анықталып, демонстрацияланатынын айтып, физикалық құбылыстарды бақылау
және әсерлі деген тәжірибелерді ӛз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру, олардың ынта-
ықыласын арттыру.
Белгілі бір тақырыпқа негізделген кештің жоспарын жасап алу керек:
Жүргізушінің кіріспе сӛзі.
Қарастырылатын тақырыпқа қатысты қысқа әңгіме.
Кеш тақырыбына байланысты тәжірибелер.
Ұлы физиктер ӛмірінен әңгіме (кешке сәйкес).
Сурет-жұмбақ, сӛзжұмбақ, ребус, викторина, т.б.
34 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Қорытынды (оқушыларды бағалау - марапаттау).
Физика-техникалық кештерді техниканың қызықты мәселелеріне, техника тарихына,
физика мен техниканың жеке салаларының даму келешегіне арнайды.
Кеш тақырыбына орай 3-4 оқушы қысқа баяндама жасайды. Техникалық
құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан жасалған құралдар, фильмдер кӛрсетіледі.
Осыған орай, жоспарлағанда теориялық білімді жетілдіруге арналған сағат саны мен
практикалық мазмұнға арналған сағат саны кӛрсетіледі
3, 4
.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Жалпы білімнің мемлекеттік стандарты.
2. «Физика және астрономия» журналдары.
3. А.Қ.Ершина, Н.А.Сәндібаева. «Оқу экспериментін ұйымдастыру және
зертханалық жұмыстар» Алматы, 2010ж.
4. Н.А.Сәндібаева. «Мектепте оқу экспериментін жүргізу әдістемесі» Алматы,
2010ж.
РЕЗЮМЕ
В
настоящее время для разработки экспериментов на уроках будущий учитель
физики должен максимально пополнять знания. Поскольку внеклассная работа одна из
важных направлении в преподавании физики.
SUMMARY
The article deals with the advantage of extracurricular work and carrying out experiments
in teaching physics lessons.
Достарыңызбен бөлісу: