А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет88/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
негізінен суару
. Екі-үш күн ӛтіп, 3-ші күні стакандағы 
ӛскіндер аздап суарылады. Егер стакандарға су кӛбірек құйылса арша, емен, акация, 
сирень тамырларына ауа жетіспегендіктен әлсіреп ауруға шалдығады, сосын ӛледі. 


182 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Осы әдістеме арқылы ӛте кӛп мӛлшерде арша, емен, акация, сирень ӛскіндерін ӛсіріп 
дайындауға болады және бұл ӛте арзанға түседі. Жеке кәсіпкерлер немесе қаланы 
гүлдендіру мекемесінің дайындаған аталған ағашты ӛсімдіктер ӛскіндерінің (4-5 жылдық) 
әрбіреуі 10-15 мың теңге тұрады. 
Кӛктемде наурыз, сәуір айларында ауа температурасы +10

С, +15

С градус болғанда 
топыраққа, яғни тұрақты орнына арша, емен, акация, сирень ӛскіндері отырғызылады. Ол 
үшін аталған ӛсімдіктер ӛскіні мен стакандағы топырағы сиятындай шұңқыр қазылады
сосын су құйылады. Осы шұңқырға ӛсімдіктер ӛскіні топырағымен отырғызылып, ал 
қазылғанда шыққан топырағымен шұңқырды қайтадан толтырады да, топырақ шамалы 
нығыздалады. Сосын асты және үсті кесілген 
пластикалық бӛтелкені
(халық арасында 
оны «баклашка» деп атайды) арша, емен ӛскініне кигізеді де, оны (пластикалық бӛтелке) 
топыраққа нығыздап орналастырады. Пластикалық бӛтелкенің айналасын қоршап ойықша 
(арықша) қазылады. Бұл арша, емен ӛскінін суару үшін керек. Әдепкіде әлсіздеу арша, 
емен ӛскініне орнатылған пластикалық бӛтелке жақсы микроклимат қалыптастырып, 
транспирация қарқындылығын азайтады, тамырларының ӛсіп нығаюына оптимальды 
жағдай жасайды.
Астана маңында орман жасатқан Елбасы ӛнегесін, идеясын жүзеге асыру
(тәжірибе нәтижелерін ӛндіріске енгізу )
. Біздің болашағымыз − жастар, ал оларға таза, 
оттегісі мол ауа керек. Алдағы 40-50 жылда ғалымдар болжаған − атмосферадағы 
оттегінің азаюын, құрлық ортасындағы Қазақстанда келешекте болатын қатал 
континентальды климатты, яғни жазы ӛте ыстық, қысы ӛте суық, тұщы суы тапшы, 
қуаңшылық жағдайды болдырмаудың негізгі шаралардың бірі ормандарды сақтап, арша, 
емен, акация, т.б. күшті фотосинтездеуші ағашты ӛсімдіктерді ӛте кӛп мӛлшерде ӛсіру 
керек. Биыл 2012 жылы Қазақстандағы 6960 мектепте 2,5 млн. оқушылар оқиды. Осы 
оқушылардың 40-50% -ның әрқайсысы он-оннан ағашты ӛсімдіктер ӛсірсе, бір жылдың 
ӛзінде 12,5 млн. түп арша, сондай мӛлшерде емен, акация, сирень ӛсіріледі екен. Бұл 
үдеріс (процесс) 40-50 жыл бойы жүргізілсе Елімізде орман алқаптары кӛбейеді. Яғни, 
жастар (оқушылар) үлкен әлеуметтік күш және де ӛздері ӛмір сүретін экологиялық ортаны 
жақсартады. Сондықтан, ағашты ӛсімдіктер кӛп болса фотосинтез процесі күшейіп, СО
2
-
ні кӛбірек сіңіреді, оттегі шығарады, ауа тазарады, жауын-шашын ӛзі келеді, 
континентальды климат жұмсарады. Бірақ, мұны жүзеге асыру ӛте күрделі проблема, оған 
бүкіл халық, әсіресе жастар жұмылуы керек. Қазақстандағы әрбір мектептердегі биология, 
экология мамандығы мұғалімдері мен оқушылары жұмыла кірісіп, ӛздері тұрған елді 
мекендер кӛшелерінде және ауылдарды қоршап, жылда-жылда кӛп мӛлшерде арша, емен, 
акация, т.б. ағашты ӛсімдіктерді 40-45 жыл бойы біздің әдістемеміз бойынша үздіксіз 
ӛсіре берсе, бүкіл Қазақстандағы қуаңшылық жағдай ӛзгеріп, экология жақсарады деп 
ойлаймыз. Мұның тәрбиелік және әлеуметтік мәні орасан зор.
 
Біздің әдістемеміз бойынша ауылдық жерлерде арша, емен, акация ағаштарын кӛп 
мӛлшерде ӛсіруге болады. Осыған сәйкес, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы 
батыр ауылындағы Аманкелді орта мектебінде арша ӛскіні отырғызылды. Қазір олар 
жақсы ӛсіп тұр. Бұл 
Елбасы Н.А.Назарбаевтың ӛнегесін, идеясын ауылдық жерлерде 
жүзеге асырудың алғашқы бастамасы және ең арзан жолы
. Аталған әдістеме Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің экология және биология 
мамандығының 400-ден аса студенттеріне үйретілді және келесі толқын студенттеріне 
үйретіле береді. Әрбір студент ӛзі жұмыс істеген мекемесінде, елді мекендерде емен, 
арша, акация, сирень, т.б. ағашты ӛсімдіктерді ӛсірсе және осы іс-шара жылда ӛткізіліп, 
үздіксіз жүзеге асырылса, алдағы 40-45 жылда Еліміздегі экологиялық жағдай ӛзгеріп 
жақсарады деген болжам бар. 2011 жылы 17 мамыр және 27 шілдесінде Алматы қаласы 
маңындағы Медеу шатқалында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің (МҰТП) 
аумағында күшті жел әсерінен кӛптеген ағаштар құлап қалған. Медеу шатқалында құлап 
қалған ағаштар орнына Университетке бӛлінген участкеде бүгінгі таңда біздің 
әдістемеміз бойынша 600 түп емен кӛшетін (бір жылдық), 300-дей арша кӛшетін, 60 түп 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
183
сирень (жұпаргүл) кӛшеттерін (бір жылдық) отырғызды. 2012 жылдың 11 қараша күні 2,3 
курс студенттерінің және біздің қатысуымызбен кӛп мӛлшерде (2 қап) емен тұқымы 
егілді. Студенттер бұл жұмыстарды әрбір жексенбі күндері жасады және де алдағы 10-15 
жыл бойы аталған ағаштар кӛшеттерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі. 
Бұл жұмыстар да 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудың алғашқы ӛнегелі 
жолы.
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются экологические проблемы Казахстана, которые могут 
возникнуть в ближайшее время и будущем. С целью улучшения экологических условий 
необходимо выращивать сильно фотосинтезирующие древесные растения - дуб, 
можжевельник, акацию и др. Разработан дешевый способ выращивания этих растений. 
SUMMARY 
The article deals with the ecological problems of Kazakhstan. To improve ecological conditions 
we need to grow a very photosynthetic tree plants- Quercus, Juniperus, Acacia and a very cheap 
method of growing tree plants was developed. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет