180 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
әсерінен туындаған су тасқынынан 240 мың адам қоныс аударуға мәжбүр болуда. Ал
Қытайда тасқын судан 7 млн-дай адамдар зардап шегуде.
Осы кезеңдерде (2012 жылғы шілде айында) АҚШ-та екі аптаға созылған аптап
ыстықтан 77 адам қайтыс болды, техника істен шыға бастады. Канзас штатында қатты
қуаңшылық болып, егіс алқаптары қурап жатыр. Қазақстандағы Қызылорда облысында
40-45°С ыстық болып тұр. Ақтӛбе, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарында 35-39°С
ыстық сақталуда.
Ғалымдардың болжамы бойынша,
ғасыр ішілік табиғи циклдардың
ұзақтығына
(интервалына) байланысты Жер ғаламшарының солтүстік бӛлігінде климаттың
ылғалды-
салқын фазасы
1978-1979 жылдардан басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді, 2012-
2013 жылдардан бастап климаттың
жылы-құрғақ кезеңі
басталып, ұзақ жылдарға
созылады. Ал, ең қатал, жауын-шашыны аз, ыстық, қуаңшылық жағдайдың максимальды
әсерлі кезеңі 2018-2021 жылдары байқалады және 2026-2035
жылдарға дейін созылады,
сосын кезең аяқталады. Бұл табиғи циклдық құбылыстың зиянды әсері әлемдік
«жылу
эффектісі»
әсерінен күшейе түседі және уақыт бойынша ұзарады деп күтілуде. Осындай
циклді құбылыстардың зиянды әсерінен 2012 жылы Қазақстанда 1 млн. гектар егістік ӛте
тӛмен ӛнім берді.
Жоғарыда аталған 40-45 жылдың
кейінгі 20-25 жылында
құрлық ортасындағы
жерлерде, әсіресе Қазақстанда ӛте күшті қуаңшылық жағдай қалыптасып, тұщы су
проблемасы туындауы мүмкін. Бұл жағдайларды болдырмау үшін Қазақстан
территориясында күшті
фотосинтездеуші, СО
2
-ні сіңіріп, кӛп мӛлшерде оттегіні
шығаратын және ұзақ жыл ӛмір сүретін емен, арша, акация т.б. ағашты ӛсімдіктерді
жылда-жылда кӛптеп егіп, ӛсіру керек. Нәтижесінде, ӛте күшті қуаңшылық және қатал
континентальды климатты жағдайды болдырмай, экологиялық жағдайды жақсартуға,
әлеуметтік шығындарды (жануарлар, адам ӛлімін болдырмауға)
болады деп күтілуде.
Осыған сәйкес, аталған студенттердің тікелей қатысуымен және профессор
К.Н.Жайлыбайдың жетекшілігімен Экология кафедрасында арша, емен, акация, сирень
ағашты ӛсімдіктерді ӛсірудің ең
арзан әдістемесі тұжырымдалып, ӛндіріске енгізілуде.
Соған қысқаша тоқталамыз.
Арша.
(Juniperus-можевельник) − кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл
жапырақты ағашты немесе бұталы ӛсімдік. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар, олар:
Түркістан аршасы (Juniperus turkestanica), Талас аршасы (Juniperus talassica), Сібір аршасы
(Juniperus communis), Виргинский аршасы (Juniperus virgiana), т.б.
Арша ағашы жұмсақ, одан қарындаш, домбыра, бесік жасалады. Бұрын қазақтар
айран, қымыз пісетін күбіні, ас табақтарын арша ағашынан ойып жасаған. Арша
ағашының иісі қымыз иісіне ұқсас және мұндай табақтарда микробтар ӛсіп дамымайды.
Арша биіктігі 10-15 м болатын, 300-800 жыл ӛмір сүретін ағашты ӛсімдік. Жетілген бір
аршаның шығарған оттегі мӛлшері 25-30 адамның бір жыл тыныс алуына жетеді екен.
Сонымен қатар арша бір жыл ішінде 20-25 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады екен.
Емен
(Quercus-дуб) − шамшат тұқымдасына жататын, күз, қыс айларында жапырақ
тастайтын ағашты ӛсімдік. Дүние жүзінде оның 450-дей түрі бар. Қазақстанда бір түрі −
кәдімгі емен (Quercus rober) ӛседі.
Емен биіктігі 30-40 м болатын, 1000-1500 жыл ӛмір сүретін ағашты ӛсімдік.
Жетілген бір емен ӛсімдігінің фотосинтез процесінде бір жылда шығарған оттегі мӛлшері
40-45 адамның жаз бойы тыныс алуына жетеді екен. Сонымен
қатар емен ағашы бір
жылда 30-40 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады және кӛктемнен күзге дейін
микробтарды жояды екен.
Ұнтақталған емен ағашы қабығын медицинада іш ауруына қарсы қолданады. Арал
ӛңіріндегі аптап ыстықта іші ӛтіп ауырған кӛптеген балаларды емен қабығының
қайнатылған суы аман алып қалды. Еменнің тұқымы
жаңғақ
жабайы шошқалардың,
тиындардың, тағы басқа жануарлардың қорегі. Егер емен жаңғағын сыртқы қабығынан
аршып, ұнтақтап, малға берсе құнарлы жем болады.