1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж., Фольклортанушы Р.Бердібайдың деректану ғылымына қосқан үлесі?
Е.Бекмаханов өз монографиясында фольклордың қандай ерекшеліктеріне тоқталды?
Шежіретанушы ғалымдарды, олардың еңбектерін ата?
№17 дәріс Тақырыбы: Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі. Дәрістің мазмұны:
Жоңғарлар қазақтардың жері мен халқын күйзеліске ұшыратып, халықтың бір бөлігін тұтқынға алып, Талас алқабы арқылы Сырдарияға шыққан. Босқан қазақтардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі ағысына ығысып, бір бөлігі Самарқан жағына кетуге мәжбүр болған. Жоңғар әскерінің саны және олардың ұрыс қимылдарын жүргізу әдістері туралы деректер бар. Қарастырылып отырған деректемеде жоңғарларға қарсы күрес кезеңінде қазақтар үшін, тегінде, ең күйзелісті және ауыр болған апатты жыл – 1723 жылдың бүкіл қайғы-қасіреті ашып көрсетіледі. Деректеменің географиялық материалдары жоңғарлардың Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағына жасаған басқыншылық жорықтарының ауқымдылығын неғұрлым нақты көзге елестетуге мүмкіндік береді және оқырмандарды жоңғарлар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін барлық қазақтарды біріктіру мәселесін жедел шешуге арналған тарихи оқиғаның – Ордабасындағы хандар, билер, батырлар және рубасылары бас қосқан кеңесінің дер кезінде және жоғары мақсатта өткізілгенін түсінуге жетелейді.
Ресейдің Орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарда сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынасы туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т.б. бар.
«Мин шилу» – көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықтарына қарсы соғыс қимылдарының әзірленуі мен барысының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.
«Мин хой яо» – тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстары туралы мәліметтер бар.
Қытай деректері белгілі мұсылман деректерін өзінің жүйелілігімен, уақыт жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.