А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


КУРСТЫ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет53/69
Дата10.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#73000
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
À. À. Êàêèìîâà ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû òàðèõû

7. КУРСТЫ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі;
- пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы;
- семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі;
- техникалық құралдарды кеңінене қолдану;
- университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру;
- семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;
1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
-семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі;
- семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;
-сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту;
-алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту.
1.3. Әдістемелік талаптар:
-дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету;
-студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық;
-қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету;
-курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылықты қамтамасыз ету.

1 практикалық сабақ


Тақырыбы: Деректанулық ұғымдар мен терминдердің, деректану теориясының қалыптасуы
Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу.
Практикалық сабақтың мазмұны: Курс негізінен басты оқу материалдары қамтылған және практикалық дағдылар мен сабақ барысында берілетін түсініктер бекітілетін дәріс түрінде және практикалық сабақтар арқылы жүргізіледі. Студенттердің білімін үй тапсырмаларын тексеру, оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет