А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж



бет38/69
Дата10.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#73000
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Байланысты:
À. À. Êàêèìîâà ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû òàðèõû

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Атрибуция дегеніміз не?

  2. Деректердегі қайшылықтарды ашудың қандай жолдарын ұсынуға болады?

  3. Шынайлық проблемасы мен өкілеттілік проблемасының түсініктері неде?

15 дәріс
Тақырыбы: Ортағасырлық жазба ескерткіштер.
Дәрістің мазмұны:
Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530-1605 жж.) бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жами ат-таварих» дейін тұңғыш тарихи еңбегін жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы (ХІҮғ.) негізінде жазылған. Белгілі би Қадырәлі бек Ондан сұлтанға, ал одан соң олардың ұлы Ораз-Мұхаммедке қызмет еткен. Қалмақтардың қолынан Ондан сұлтан өлгеннен кейін Қадырғали Ораз-Мұхаммдепен бірге Көшім ханның қамқорлығымен Сібір хандығына қоныс аударған. Мұнда ол Сібір хандарына кеңесші болып қызмет еткен. 1588 жылы Сібір воеводасы Д. Чулков Ораз-Мұхаммедті оның барлық туысқандарымен және нөкерлерімен алдап, тұтқынға түсіріп, оларды Қадырғалимен бірге Москваға аманат етіп жіберді. 1592 жылы Федор Иванович патша Ораз-Мұхаммедке Касимов хандығынан жер бөліп берді. Ал 1600 жылы Борис Годунов оны Касимов қаласының ханы етіп қойды, 1602 жылы Қадырғали өз туындысын сонда жазды, онда Рашид ад-Дин еңбегінің Шыңғыс хан мен оның мирасқорлары тарихымен байланысты жекелеген бөлімдерінің қысқаша мазмұны келтіріледі.
Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХҮ-ХҮІІІ ғғ. басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндаған едәуір мәліметтер бар.
Жалпы тарих бойынша «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығарманы басқа бір деректер бойынша Абдаллах Балхи (ХҮ ғасыр аяғы – ХҮІ ғасыр басы) ретінде белгілі Абдаллах бен Мұхаммед жазған. ХҮІ ғасыр басында ол Хорасанды көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір ұрпақтарына қызмет еткен. Сонан соң ол шайбанилерге қызмет етуге көшеді. Абдаллах Балхи өз еңбегін Шахрухияның кейіннен Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммед сұлтанның тапсыруымен жазылған. Құрастырма хроника болып табылатын шығармада мұсылман әулеттерінің тарихы баяндалады. Оқиғаларды суреттеу 1525 жылға дейін жеткізіледі. Еңбектің ХҮІ ғасыр алғашқы ширегі үшін ғана түпнұсқа деректеме ретінде маңызы бар. Бұл кезеңнің оқиғаларын автор өз әсерлері және замандастары мен оқиғаларға қатысушылардан алынған ақпарат негізінде берген. «Зубдат әл-асарда» қазақтардың саяси тарихы мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мұхаммед Шайбани ханның 1510 жылы өзбектердің жеңісімен аяқталған қазақтарға жорығы туралы айтылады. Басқа деректермен қатар, Қасым ханның Түркістан мен Ташкентке жорығына байланысты мәліметтер де келтіріледі.
Тарихшы, ақын, билеуші – Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр-наме» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі орта ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Жас кезінде бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған. Уақыт өте келе Орта Азияда Темір ұрпақтарының орталықтанған мемлекетін құру жолындағы өзара қырқысқан күресіне белсене қатысады. Алайда Дешті-Қыпшақтан келген Мұхаммед Шайбани Темір ұрпақтары әулетінің түбіне жетті. Бұл жағдай Бабырды 1504 жылы Ауғанстанға кетуге мәжбүр етіп, сол жерден ол Орта Азия мен Үндістанға жорықтар жасады. 1526 жылы Бабыр Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалап, онда 1530 жылға дейін билік етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет