Тақырыбы: Заң актілері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Дәрістің мазмұны: Басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасының тарихы да дерек көзерінің үлкен бір тобын құрайды. Қазақ халқының осы жерді мекендеген өзге де ұлттар өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті. Өмірдің барлық саласын заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заңдарға сай жүруі, ел тарихының әр алуан заңдарда бейнеленуіне алып келді. Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу, тәуелсіз Қазақстан тарихының обьективті жазылуының басты алғы шарттарының бірі болып табылатыны күмәнсіз.
Посткеңестік кеңістікте әсіресе дәстүрлі деректану мектебі ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған Ресейде, қазіргі заман тарихының қазіргі заман деректеріне деген қызығушылықтың арртуы байқалды. Олардағы ғылыми зерттеудің қазіргі деңгейі идеологиялық құрсаудан босану, білімнің интеграциялық үрдісі, заңдық дерек көздеріне деген деректанулық талдауға жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған байланысты Ресей ғалымдары заңшығарушылықтың ролін жаңа тұрғыдан бағалауға, заңшығарушылықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының, оның ішінде қоғамның өзінің де өзара байланысының анықтауға ерекше мән бөлінуде.
1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет 1. «Тарихи дерек» түсінігі туралы.
2. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы.
3. Деректің пайда болуын сынау.
№30 дәріс Дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму бағыттары. Сабақ мазмұны: Қазақстан тарихы бойынша дерекнама курсын қорытындылау.
Келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда деректану пәні ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің төл тума деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу еліміз тарихын оқып-үйренудің және зерттеудің шешуші шарттарының біріне жатады. Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі – деректану айналысады.
Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болады. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер және нақты тарихи фактіні тануға «дерек не береді» деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым – деректану ғылымы. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттеуді және нақты тарихи фактіні тануға дерек не береді деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. Деректік базаның кеңеюіне ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерде әр түрліше бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Империкалық жолмен жасалған және ұзақ жылдарға созылған іс тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер дерек оқиғаны қалай бейнелейді деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналады. Жазба деректер археологиялық және заттай деректерден бөлек зерттелетін болады.
Егер ғылым ретінде А. Байтұрсынұлы айтқандай «тарихтың қызметі бүтін адам баласының яки бір жұрттың екінші бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпау болса, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттеу». Демек тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті жоғарыда айтқандай, тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнеленуін зерттеу.