«Шуағын шашқан — аялы алақан!» мерекелік ертеңгілік
Жүргізуші:
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер,тәрбиешілер,педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Ал балалар бізге қонаққа кішкентай бүлдіршіндер келіп қалыпты,қанекей қарсалайықшы? Балапан тобы
Ән: «Ақ дидиарлы Анашым»
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Ерсайын:
Менің анам алтын,
Сенің анаң алтын.
Ө.Раяна:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен,бас иеміз.
Айжұлдыз:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды,сыйлаймын.
Аңсар:
Аялаған анашым.
Мәпелеген өсірген,
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.
Рауан:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген анашым,
Айналайын анашым.
Камила:
Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Диана:
Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана.
Жүргізуші:Керемет барлығыңда да өнерлі екенсіңдер.
Көрсетер бүгін өнерін,
Бал-бұл жанған ұл-қызың.
Құтты болсын қадамың,
Өнерге басар жұлдызың.
олай болса ұлдарымыздың көңілді «Жүрек» биін қарсы алыңыздар!
Би: (ұлдар биі)
«Жүрек»
Жүргізуші:
Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін,
Көрермендер өздеріңе арнайды.
Ойын: «Анасының даусынан танып білу»
Жүргізуші:
Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша,-дей келе балаларымыздың «Көңілді кіржуғыштар биін» алыңыздар!
Би:(қыздар)
«Медуза» биі
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының,әжелердің мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.Балаларымыздың дайындаған тақпақтарын айтып берсек.
Е.Раяна:
Әже деген көп шығар,
Әдемдей жоқ шығар.
Мейрімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Нурислам:
Әр сөзімді жаттаған,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Абдуллаh:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Аниса:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Алуа:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті апа,аналар.
Алихан:
Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз.
Анамыздың пейілі,
Жомарт жанға балаймыз.
Жүргізуші:Бізге қонаққа тағы ең сұлу,ең әдемі қыздарымыз келген екен және олар құр қол келген жоқ,өздерімен бірге Гүлдер биін ала келген екен.Қәнекей балалар қошеметтеп қарсалайық.
Жүргізуші:Керемет қыздар,өте тамаша.Бүгін біздіңде қыздар ерекше етіп дайын далып келген екен.Мың құлпырған қыздарымыз,аналарымен бірге өз қолдарымен дайындаған көйлектерін көрсетсе...( МОДА)
Ән: "Әжетайым"
Жүргізуші:
Болсын дейді балалар,
Бақытты өмір, береке.
Әжелер мен аналар,
Құтты болсын мереке!
Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
(ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұсынады,балалар аналарына сыйлықтарын береді.)
Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |