А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет75/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
таянышы болып тұрған сӛздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің ӛз ұғым-
түсінігі бойынша пайымдату, ӛлеңдегі ерекше мәнді танытатын сӛздерді 
саралау, жүйелеу, кластер түздіру, ӛлең құрылымын таныту оқушылардың 
ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай 
тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашы-
лық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы 
талдау, қорыту, ӛз білімін бағалау кезеңдеріне ӛте алады.
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе 
екендігін белгілі. Оларды оқытуда қолданатын әдістерді жинақтап айту 
күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық шығармаларды
талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз: 
1. Шығарманың басты және қосалқы тақырыптарын табу;
2. Шығармадағы күрделі сӛздер мен күрделі ұғымдарды анықтау, 
сӛздік жұмысын жүргізу;
3. Ӛлеңнің құрылысын талдау; 
4. Ӛлеңдегі кӛркем сӛз айшықтарын (троп, фигураның түрлері) табу, 
мәтіндегі қызметін айқындау;
5. Шығарманың композициялық құрылымын анықтау, жоспар құру;
6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек 
ұғымдар арқылы айқындау;
7. Шығарма идеясын тану;
8. Авторлық ұстанымды аңғарту.
Я.А.Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмы-
сын мынадай тӛрт кезеңге бӛледі: 
1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар 
арқылы бала ӛзін қоршаған ортаны, ӛмірді танып, олармен дұрыс қарым-
қатынас жасауға үйренеді. 
2. Ішкі сезімді ой-қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді 
тәрбиелейтін жаттығулар. 
3. Нақты зат пен нәрселердің кӛлемі мен барлық заттық нәрселерді, 
құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой-
пікір мен түйсікті дамыту. 
4. Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, қабілетті дамытуға 
бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лири-
калық шығармаларды оқытқанда қолану маңызды.


164 
«Мен таулықпын» ӛлең мәтініндегі ойды айқындау, жинақтау, жүйелеу, 
қорыту үшін тӛмендегідей тапсырмалар ұсындық: 
1.Ӛлеңдегі тауды сипаттайтын сӛздерді белгіле, сол сӛздерді теріп 
жазып жүйеле. 
2.«Асқар шыңдар желпиді бесігімді,  
Бір орамын ағытып сәлдесінің» деген тармақтарды қайталап оқы, кӛз 
алдарыңа қандай бейне елестейді? «Сәлде» сӛзі қай заттық ұғымның орнына 
жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сӛз образын, кӛріністі, бейнені 
сипаттап айтып кӛр. 
3.«Күн алғашқы
сәулесін маған шашып, 
Маған келіп түнейді қара тұман» деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы 
тармақтарда уақытқа қатысты сӛз қолданыстары бар ма? Тауып белгіле, ӛз 
түсінігіңді айт. 
4.Мәтіндегі Ана сӛзінің қолданысына назар аудар. Ӛлеңде ақын Ана 
сӛзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар? 
5.Ӛлеңде табиғаттың тағы қандай перзенттері аталады.
6.Ӛлеңді тұтас қайталап оқи отырып, тауға деген ақынның қарым-
қатынасы мен сезімін түсінуге талпынып кӛр.
7.Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді? 
8.«Тау ұлы» тақырыбына ой толғау жаз. 
Мектеп оқулығында осы ӛлең мәтініне қатысты мынадай тапсырма 
берілген екен: «Ӛлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал» «Ақынның ой-арманын 
әсірелеп, ақын қиялын қалықтататын бейнелі сӛдерді дәптерлеріңе жазып 
алып, есіңе сақтауға тырыс». «Ӛлеңнен тау ұлында болуға тиіс қандай 
қасиеттерді аңғаруға болады».
1
Бұл тапсырмалар дәстүрлі талдауларда мақсат 
етіліп жүрген мәтіннің тақырыбы мен ӛзекті ойын танытуға да жеткіліксіз.
Оның үстіне ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауды басты мақсат етпейді. 
Тау ұлына қатысты сындық ұғымдағы сӛздер, эпитеттер мәтінде жоқтың 
қасы. Бұндай дидактикалық жағынан кемшіл сұрақ-тапсырмалар оқушыны 
мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді. 
Мектеп бағдарламасына енген М.Мақатаевтың ӛлеңдерін оқытуда 
белгілі бір дәрежеде қиындықтар бары рас. Оның бір себебі мектеп бағдар-
ламасына енген ақын шығармаларындағы пафостың басымдығында. Оқушы-
ларға ӛлең мәтінінен мағыналық танымға жетуден гӛрі сезімдік танымға 
жету, түйсіну әлдеқайда күрделі болатыны рас. Ақынның бұдан ӛзге 
«Фантазия», «Барлығы да сендердікі» ӛлеңдері енген. «Фантазия» ӛлеңінде 
ақынның халықтың кешегісі мен болашағы туралы ой толғамдары танылады. 
Адамзат әлеміндегі қиял барша ғылым-білімнің, ғажайыптардың түрткісі. 
Қазақта «Жеті қат жер», «жеті қат аспан» деген ертеден айтылып келе 
жатқан ұғымдар. Аспан мен жер қабатының ғылымдағы атауы мен ерек-
шеліктері зерттелмей тұрып-ақ, халық табиғат ерекшеліктерін зерделей 
алғандығын ақын халқымыздың ұшқыр қиялы мен даналығына жориды. Ата-
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -213 б.


165 
бабамыздың «ертеңін ергегісінде» болжаған парасат, пайымына сүйсінген 
ақын, халықтың ғылым мен ӛркениет жолындағы қарым-қабілетінің молды-
ғына сенеді.  
«Барлығы да сендердікі» ӛлеңі ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған 
ӛсиет-аманаты деуге болады. Ӛлеңде ақынның айтпақ ойы ашық, бүкпесіз 
тура мағынасында берілген. «Ӛмір, қоғам, заман, дала, қала» – ата ұрпақтың 
болашаққа қалдырған мұрасы. Ақын ӛлеңінің ӛзегінде «жаңа атқан таң нұры» 
– болашаққа сүйіспеншілігі сезіледі, сонымен бірге сенім жүктейтіні де 
аңғарылады. «Болашақты жалғау үшін болашақ» үлкен жауапкершілік 
керектігін танытады. Ақынның айтпақ ой алғашқы тармақта-ақ ашық 
ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет