Ақ Алматы технологи


Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады



бет29/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси институттар әрекетiнiң мазмұнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жүйенің бір элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың әртүрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін; қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді.
Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, құндылық, нұсқауларды қамтиды. Халықтың тарихи санасы ұлттық саяси өмiрде сабақтастықты сақтаушы мемлекеттiк және саяси проблемаларды шешу тәсiлдерi мен дәстүрлерiн нақты кезеңдерде жарыққа шығарып отырады. Саясаттанушылар қоғамның саяси мәдениетiн үш негiзгi бөлiкке бөледi. Бұл бөлiктер адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2) қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлi-гiне қатынасына қарай.

1 Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк шығыс пен кiрiске қатынастықамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының қызметiн бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi.


2Индивидтiң басқаларға қатынасын жағынан саяси жүйеге бағдары үш түрдi қамтиды: саяси етенелесу, саяси сенiм, «ойын ережесi». Саяси етенелесу -индивидтiң саяси жүйенi мойындауы, оған деген жауапкершiлiгi мен мiндеткерлiгi. Саяси сенiм - индивидтiң басқалармен азаматтық өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi. «Ойын ережесі» -индивидтiң түсiнiп азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды.


3 Саяси белсендiлiк өзiне екi түрдi қамтиды: саяси кәсiбилiк және саяси мәндiлiк. Саяси кәсiбилiк индивидтiң қоғамның саяси өмiрiне жиi араласуын, саяси ресурстарды пайдалану мүмкiндiгiн бiлдiредi. Ал, саяси мәндiлiк – индивидтiң өзiнiң саяси процеске ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну.


Әр елдегi саяси мәдениет туралы бiлу үшiн мiндеттi түрде оның құрылымын ажыратып алуымыз керек.


а)Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды:





  • субъектiнiң саяси өмiрге қызығушылық денгейi (қызығушылық жоғары, орта, төмен болуы);

  • субъектiнiң саяси санасының даму денгейi;

  • жалпы саяси жүйеге, оның жекелеген институттарына, олардың рәмiздерiне қатынас;




  • саяси процестiң басқа қатысушыларына қатынас (қолдау немесе қарсылық);

  • саяси акцияларға қатысуға даяр болу денгейi;

б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды:





  • қоғамның саяси өмiрiне қатысу формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет);

  • мемлекеттiк институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес);

  • азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия, қозғалыстар);

  • саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi;

  • электоралды мiнез-құлық түрлерi;

в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды:





  • саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);

  • саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге асыру әдiстерi;

  • әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi;

  • электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi);

  • ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).

Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.


Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.


Саяси мәдениетте ұлттық менталитеттің, әдет-ғұрып пен жүрiс-тұрыстың да орны зор.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет