Ақ Алматы технологи


Дәріс 12. Экономика, жаһандану және еңбек



бет13/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Дәріс 12. Экономика, жаһандану және еңбек

XX ғ. 80-жылдардың ортасында әлеуметтануда еңбек қызметінің себептік факторларына байланысты түжырымдама жасалынды. Белгілі ғалым, социолог Александр Здравомысловтың еңбек қызметі себептеріне жасаған тұжырымдамасын атап айту қажет. Еңбек қызметінің себептерінің бірінші деңгейі - еңбек нәтижесінде адамдардың материалдық қызығушылығы мен қажеттіліктері өркендейді. Адам үшін еңбек әрқашанда өмірді өндіруші құрал болып қалады. Табыс еңбекке ынта болады, ал төлем ақының тепе-теңдігі жұмыста адамның кызығушылығының төмендеуіне, сондай-ақ, оның сапасындағы жауапкершілікке, кейде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады екен, жүмысшы өндірісте өзін қожайын сезінбеді. Бірақ, адамның еңбек қызметінің әрекеті тек материалдың қызығушылықпен бітпейді. Енбекке құштарлықты анықтайтын факторлардың бірі - еңбек мазмұны. Еңбектің функционалды мазмұны - енбек әрекетінің нақты түрінде жеке түлғаның шығармашылық тәсілдерін дамытудағы объективті мүмкіндік. Дәл осы кезеңде еңбектің шығармашылық функциясы іске асырылады. Еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.


Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.


Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.


Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.


Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.


Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.


Еңбек - қоғам мен адам өмірініц негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам өз әрекетімен өзінің табиғат пен карым-қатынасын бақылайды, реттейді.
Еңбектің мақсаты адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мүмкіншіліктер құру больш табылады.Адам еңбегі дамуынын бірінші сатысы - бұл дәстүрлі немесе индустрияга дейінгі коғам. Бұл кезде қолмен істелінетін өндіруші еңбек толығымен үстемдік жасаған.

Қазіргі постиндустриялды қоғамның негізгі салалары: білім, ғылым және қызмет керсету. Өнеркәсіп үшінші орында қалды, бірінші кезекте - ақпаратты өңдеу. Еңбек материалдь реттеуді қажет етпейді. Постиндустриалды қоғамда еңбекке ынтаны еңбекке қозғайтын ішкі себептер алмастырады (мысалы, берілген жүмысқа қызығушылық). Еңбектің енімділік шегі өте жоғары. Капиталистерде жоғары пайда, ал жұмысшыларда жақсы еңбек ақы.


Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жатыр. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын ығыстырды. Америкалық социолог Р. Робертсон (R. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) атты мақаласында қолданды.
Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолда- нылады: постиндустриалды дəуір, ақпараттық революция ғасыры, техножаһандану жəне т.б. Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.
Жаһандану мəніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік өмір жəне т.б. ұйымдастыруға қатысты.
Дүниежүзілік қауымдастық үйлесімділікке жетудің жолдарын, жаһанданумен тудырылған мəселелердің дұрыс шешімдерін табуы тиіс. Негізі, ол табиғи жолмен жүрген жағдайда мəселе тудырмаған болар еді. Үрдіс қалыпты түрде дамып келді. Ақпарат аясындағы жаһандану толықтай аяқталды, жер бетінде телефон, радио, тіпті интернет орнатылмаған нүкте жоқ десе де болады. Ақпараттың жаһандануы əкелген игілік еш құпия, əсіресе саяси құпия қалмады, ал бұл адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастағанды- ғын, сенімсіздіктің азайғандығын білдіреді. Бұл жəне жаһандану - қоса алғанда, ұлы жетістік
Жаһандану дүниежүзілік дамудың заманауи сатысының орталық бағыты бола отыра, интегра- циялық үрдістермен немесе интеграциямен ілесе жүреді.
Жаһандануға қатысты қарастыру тəсілдерінің бірі оны адамдардың қарқынды өзара əрекеттесуі жүзеге асырылып жатқан кеңістікті тарихи тұрғыдан үздіксіз кеңейтуді болжайтыны кездейсоқ емес. Дегенмен интеграция жаһандану үрдісінің неғұрлым маңызды бөлігі бола тұра, əйтсе де тек бөлігі болып табылады. Интеграция жөнінде айта келе, ең алдымен, оның мемлекеттік қатысушылардың жақындасуын меңзейтіндігін есте сақтау қажет. Мемлекеттік емес акторлар, əдетте интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында қарастырылмайды немесе зерттеушілер назарының артқы шебінде қалып жатады. Бұл тұрғыда қандай да бір елдің жаһанданулық емес, интеграциялық үрдістерге енуі жөніндегі ойлар неғұрлым дəл болады, себебі шартты түрде алғанда, мемлекет толықтай мемлекетаралық келісімдерге қол қою негізінде интеграцияланады. Ал жаһандану, біріншіден, мұндай келісімдерді тұспалдамайды, екіншіден, бір мемлекеттің түрлі аймақтары үшін əрқилы өтуі мүмкін.

Мемлекетаралық ықпалдасу тəжірибесі ежелден бері қалыптасқан. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кең ауқымда ықпалдасу тұрақты нысанға ие бола бастады. Бұл, ең алдымен, ықпалдасуды қарқындатумен, оның аяларының кеңеюімен жəне нағыз интеграциялық үрдістердің дамуымен байланысты, аталған үрдістер мемлекетаралық құрылымдар мен институттарды құруды талап етті. Сондықтан интеграцияны сипаттайтын тағы бір маңызды сəт ретінде жай ықпалдасу емес, мемлекетаралық өзара əрекеттесу механизмдерін құру, басқаша айтқанда ықпалдасуды институт- тандыруды атауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда интеграция, біріншіден, шешім қабылдаудың мемлекетаралық механизмдерін қалыптастыруды болжайтын үкіметаралық ұйымдардың дамуымен өте тығыз байланысты болады. Бірлескен институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады. Екіншіден, интеграция екі көзқарас тұрғысынан: мемлекеттердің өзара əрекеттесуінің үрдісі жəне нəтижесі ретінде қарастырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет