Ақ Алматы технологи


Дәріс 11.Масс-медиа, технологиялар және қоғам



бет12/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Дәріс 11.Масс-медиа, технологиялар және қоғам.


«Ақпараттық қоғам» туралы ұғымды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған еді. Қазірде бұл озық идея адамзат өркениетінің, ғылым мен білімнің өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымының жетілуі мен оның тұрақты дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті. Идеяның негізгі тұғыры – желілік – ақпараттар технологиясы болып табылады. Және бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Себебі қазіргі таңда қоғам тұрмысындағы қажетті барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал болып отыр. Ал бұл үрдісті әлем әлеуметтанушылары адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда.
Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына:

  • экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсетуге қайта бейімделуі;

  • интеллектуалдық технологияның өндірістік жəне технологиялық салаға теңесуі;

  • материалдық меншіктің құндылықтар жүйесіндегі маңызының кемуі;

  • материалдық өндірістегі ақпараттық жəне ғылыми қызметтің бəсекелестік басымдылығының артуы;

  • қоғамның технологиялық жəне саясиəлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым маңызының артуы;

  • кез келген саланың ғылыми жəне білім берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі;

  • əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.

Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан ақпарат кеңістігінде жергілікті, өңірлік, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, əлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен таралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың жаңа формулаларын ұсынып отыр.
Қазіргі кезде масс-медиа термині бұқаралық коммуникация құралдары мағынасын білдіруде: баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т.б. Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, әрбір адам өз өмірін оларсыз есестету мүмкін емес. Қоршаған ортамыздың барлығы ақпараттандырылған, сондықтан біз ақпараттандырылған, медиаландырылған қоғамда өмір сүрудеміз. Медиа термині (латын тілінде «media», «medium» – құрал, тасымалдаушы) XX ғасырда «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген. Масс-медиа ұғымы БАҚ ұғымымен пара-пар мәнде қолданылып жүр. БАҚ-тың рөлі қоғамда орасан зор.


Белгілі саясаттанушы әрі публицист Э. Берк 1776 жылы баспасөзді төртінші билік ретінде танытып, айрықша пікір қалдырып кеткен.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал.
Жалпы, масс-медианың қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Ол тек біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде тілдері дамыту барысында бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. БАҚ-тың қоғамда атқаратын қызметін шартты түрде: ақпараттық, әлеуметтік, бақылауыштық, реттеуіштік, ағартушылық, саяси, делдалдық, бейтараптылық, орталықтандырғыштық т.б. қасиетін айтуға болады.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттанған қоғам қалыптаса бастады, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құндылық ақпарат пен білім. Саяси-əлеуметтік қатынастарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпараттық процестер маңызды болып табылады. Ақпараттық технологиялардың дамуы жəне кең қолданылуы экономика, саясат, мəдениет пен ғылым сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал етеді. Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация мен телекоммуникация.
Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын") - кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі.
Әлеуметтік коммуникация - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл бұқаралық комуникация тәсілдерінің бірі, яғни апаратты тарату үрдісінің бір түрі болып табылады.
БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңызды ақпараттың информациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде орны зор. Əсіресе сөз, баспасөз бостандығы шын мəнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тəрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.


БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына жəне жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады.


БАҚ-тың маңызды рөлі – қоғамның өміршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңістігінде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзгерістерді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау процестері көрінуде.


Пікірлер мен ойлардың сан алуандығы, мақсат, талап, пікір қайшылығы, саяси жəне əлеуметтік əртүрлі бағыт ұстанған ақпарат құралдары қоғам мүшелерінің рухани сұранысына, таңдауға, талдау, бағалау қабілеттіліктерін арттыруға қоғамда болып жатқан процестерді дұрыс түсіну мен шешім қабылдауларына септігін тигізеді.
БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды. БАҚ-та ешкімді нәсілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы (кемтарлығы), әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге, қорлауға, сөгуге болмайды. Ойлау, ар-ұждан және ойын білдіру еркіндігін шектеуші, жалпы халықтың этикалық құндылықтарын аяқасты етуші, діни сенімдер мен жанұя институтының негіздерін құлатушы ақпараттарды таратуға болмайды.
Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуге тиісті журналистер этикалық құндылықтарға қарсы іс істемейді және белгілі бір топтардың мүдделерін орындайтын қолшоқпар болмайды Заңды яки жеке тұлғаларды сынау шегінен асатын қорлаушы немесе олардың абыройына тіл тигізуші, балағаттаушы, жала жабушы ақпараттарды таратуға болмайды. Адамдардың жеке өмірі тек қоғамның мүддесі тұрғысынан алғанда ғана тақырып бола алады. Бұдан тыс жағдайларда адамдардың жеке өмірі туралы мәлімет таратуға болмайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары- биліктің бірден-бір қорғаушысы, әділдіктің эталоны. Журналистердің жазған пікірлеріне, жан айқайларына, өткір пайымдауларына, тіпті өзмшілдіктеріне де түсіністікпен қарау керек. Себебі журналист өз мүддесі үшін емес мамлекет. Ұлт мқддесі үшін жұмыс жасайды. Мемлекеттік билік жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара түсіністік пен шынайы әріптестік дамып, нығайып одан әрі жиналған күш жігер еліміздің ақпаратқа қолжетімділік ұоғам мен мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамуының маңызды элементі болып табылады
Қазіргі таңда қоғамның БАҚ-на қояр талабы зор. БАҚ өкілдерінің рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз ісінің маманы болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет