Ақ Алматы технологи



бет29/31
Дата04.03.2022
өлшемі381 Kb.
#27046
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
12.4 Бақылау сұрақтары
14.4.1 Шартты оператор дегеніміз не? Олардың түрлері.

14.4.2 Цикл дегеніміз не? Циклдік операторлар.

14.4.3 Күрделі сценарий қалай құрылады?
14.4.4 for операторының жалпы түрде жазылуын көрсетіңіз.

14.4.5 While және Until командаларының айырмашылығы қандай?

14.4.6 Цикл параметрі дегеніміз не?

14.4.7 Шартсыз көшу операторы дегеніміз не?


Зертханалық жұмыс № 13. Тапсырмаларды жобалау
Жұмыстың мақсаты: тапсырмаларды жобалау.
13.1 Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар


  1. Anarcon тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау.

  2. Atd тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау.


13.2Теориялық мәліметтер
Көп жағдайда бірнеше тапсырманы қайта-қайта жүктеу қажеттілігі туындайды. Егер ол тапсырмалар күнде жүктелетін болса, онда тапсырмаларды жобалаушыны қолдану қажет.
Ол үшін Жүйе – Администрациялау – Қызметтер командасы қолданылады. Қызметтер тізімін қарастырсақ, Anarcon және Atd тапсырмаларды жобалаушыларын көреміз. Anarcon ұзақ мерзімді тапсырмалар тізімін қолдану үшін, ал Atd тапсырмаларды жобалаушы белгілі бір уақыт аралығында ғана тапсырмалар тізімін қолдану үшін пайдаланады.
Atd тапсырмаларды жобалаушы көмегімен бір команданы белгілі бір уақытта орындауға болады. Мысалы, компьютерді 23.55-те өшіру.
Anarcon тапсырмаларды жобалаушының негізгі файлы: /etc/anarcrontab. Atd тапсырмаларды жобалаушыны пайдалану жеңіл. Ол үшін келесі
команданы енгізу жеткілікті:

at уақыт [мерзім]


Егер мерзім көрсетілмесе, онда командалар сол күннің көрсетілген уақытында орындалады деп есептеледі. Enter пернесін басқаннан соң көрсетілген уақытта орындалуы қажет командалар тізімі енгізіледі. Енгізуді аяқтау үшін Ctrl+D қолданылады.
Орындалуға кезекте тұрған тапсырмалардың номерін көру командасы:

atq. Келесі команда көрсетілген номерлі тапсырманы өшіреді:


atrm тапсырма номері
Мысалы: at 11:55pm жазылуы команданың орындалу уақыты 11:55 екендігін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет