2.1 Жұмыс тапсырмасы
Ubuntu Linux операциялық жүйесін жүктеу.
Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу.
2.2 Теориялық мәліметтер
Ubuntu - бұл Linux операциялық жүйесі дистрибутивтерінің бірі. GPL(GNU Public License) лицензиясының ешқандай шектеулерінсіз Ubuntu тегін таралады. Басқа өндірушілер өздерінің дистрибутивтарына әр түрлі шектеулер қоя бастады, ал кейбір бағдарламалар ақылы.
GPL келістімі бойынша дистрибутивтерді тегін таратуға болады, компьютерге шексіз рет орнатуға, тіпті оны өз атынызбен шығаруыңызға болады! Тағы бір ерекшелігі: Linux-тың кейбір дистрибутивтарын интернеттен тегін алуға болады.
«Ubuntu» сөзі «басқалармен салыстырғанда қарапайым» деген мағынаны білдіреді. Дистрибутив операциялық жүйемен жұмыс жасауды
үйренушілерге арналған. Графикалық интерфейсі қарапайым, бағдарламаларды орнату жеңіл, қолдануға ыңғайлы.
Linux әр түрлі ажыратылған терминалдар хостымен жұмыс жасайтын қолданушыларға барлық жүйелік ресурстарды бере алады. Linux-ты кез-келген жергілікті торапта интегралдауға болады. Linux операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады.
Ubuntu-да бағдарламалар көп емес. Мынандай ережеге негізделген - бір тапсырма, бір ұсыныс. Бір мәтіндік процессор, бір видео ойнатқыш, дискіге жазуға арналған бір бағдарлама. Бұл өте ыңғайлы. Себебі, басқа жобалаушылар дистрибутивтерге көптеген бағдарламалар енгізуге тырысады, бұл прогаммалар жұмысын баяулатады. Яғни, саны бар, сапасы жоқ.
«Linux» сөзінің нақты мағынасы «ядро» деген сөзді білдіреді. Linux операциялық жүйесі туралы нақтырақ айтқанда «Linux негізгі ядросындағы операциялық жүйе» деп айту керек.
Linux операциялық жүйесінің ядросы Линус Торвальдс жетекшілігімен өңделеді, бағдарламалық қамсыздандыру саны, утилита және қолданбалы бағдарлама ретінде GPL лицензиясы негізінде тәуелсіз таралады. Linux үшін бағдарламалық қамсыздандырудың тәуелсіз таралуының салдары ретінде тәуелсіз програмистер тобы әр түрлі фирмалар мен компаниялар Linux дистрибутивтері деген атаумен өз өнімдерін таратты.
Дистрибутив – операциялық жүйенің негізгі 4 құраушы ядро, файлдық жүйе, команда интерпретаторы және утилита және кейбір қолданбалы бағдарламалар кіретін бағдарламалық қамсыздандыру.
Linux дистрибутивінің құрамына кіретін барлық программлар GPL шартына сәйкес таратылады. Бұдан дистрибутивті кім болса да шығара алады деген ой келуі мүмкін, дәлірек айтсақ, ерінбей тәуелсіз бағдарламалық қамсыздандыруды іздеп, тауып коллекция ретінде жинауға болады. Бұл қандай да бір деңгейде шын, бірақ дистрибутивті құраушы басқа операциялық жүйеде жоқ. Операциялық жүйе орнататын программның инсталляциясы жасалуы керек. Программист әр түрлі дестелерге қарсы келмейтін, өзара сәйкес келетін бағдарлама жазуы керек. Әлемде жүзден аса әр түрлі Linux дистрибутивтері бар, уақыт өткен сайын жаңа бағдарламалар шығып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |