4.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
10.3.1 Графикалық менеджермен жұмыс жасау үшін келесі командалар
тізбегін орындаймыз: Жүйе (Система) – Администрациялау (Администрирование) – Synaptic пакеттер менеджері (Менеджер пакетов Synaptic). Жүйе сізден пароль енгізуіңізді талап етеді. Пароль ретінде жүйені жүктеу кезінде қолданылатын пароль қолданылады.
Synaptic терезесіне назар аударыңыз. Онда сол жағында пакет бөлімдерінің атаулары жазылған. Егер пакет орнатылған болса, онда ол жасыл квадратпен белгіленеді. Егер пакет орнатылмаған болса ол сары жұлдызшалы ақ квадратпен белгіленеді. Терезенің жоғарғы жағында құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Ал терезенің төменгі жағында пакеттер туралы мәліметтер келтірілген.
10.3.2 Репозитарийді баптау үшін Баптау (Настройки) – Репозитарийлар (Репозитарии) командасын орындаймыз. Көптеген жағдайда барлық репозитарийлер қолданылады. Орнатылған пакеттер туралы мәліметтер алу үшін пакеттер менеджері репозитарийлар орналасқан серверге қосылады. Нәтижесінде оның мәліметтер қоры жаңарады. Енді қандай да бір пакетті орнатуға болады.
Мысалы, mc пакетін орнатуды қарастырайық. Алдымен пакет менеджерінің құрал-саймандар тақтасынан «Іздеу» пернесін таңдаймыз. Ашылған сұқьат терезеге ізделінді пакет атауын жазамыз. Біздің мысалда «mc» деп жазамыз. Нәтижесінде экранға «mc» сөзін қамтитын барлық пакеттер атауы шығады. Табылған mc атауын белгілеп, Пакет – Орнату үшін белгілеу (Отметить для установки) командалар тізбегін орындаймыз. mc пакетінің пиктограммасы өзгеріп, жұлдызша орнына стрелка пайда болады. Ол пакеттің орнату үшін белгіленгенін білдіреді. Сонымен қатар Қолдану (Применить) батырмасы белсенді түрге енеді. Әрбір файлдың жүктелгенін бақылап отыру үшін «Жекелеген файлдардың орнатылуын көрсету (Показывать прогресс для одиночных файлов)» батырмасы қолданылады.
10.3.3 dpkg бағдарламасы пакеттерді орнату үшін ғана емес, сонымен қатар оларды өшіру және баптау үшін қолданылады. Бұл команда командалық жол режимінде орындалады. Сондықтан, алдымен терминалды жүктейміз. Оны жүктеу үшін root құқығы керек:
sudo dpkg [кілттер] пакеттер
Пакетті орнату үшін –i кілті қолданылады:
sudo dpkg –i / жолы / пакет.deb
Бағдарлама пакеттің қайда орналасқандығын білмейтіндіктен пакеттің орналасу адресін толық көрсету керек. Пакетті өшіру үшін –r кілті қолданылады:
sudo dpkg – r пакет
dpkg бағдарламасы пакеттердің тәуелді болуына рұқсат бермейді. Егер орнатылатын пакет басқа да пакеттерді қамтитын болса, онда оны қажетті пакетті орнатқанға дейін баптау керек:
sudo apt -get install package
Бұл бағдарламаның графикалық менеджерден еш айырмашылығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |