Ақ Алматы технологи


Зертханалық жұмысты орындау реті



бет10/31
Дата04.03.2022
өлшемі381 Kb.
#27046
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
линукс - зертханалық жұмыстар (5)

5.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
10.3.1 Тіркеу жазбасын іске қосу үшін келесі командалар тізбегі орындалады:
Жүйе (Система) – Администраациялау (Администрирование) – Пайдаланушылар және топтар (Пользователи и группы)
Нәтижесінде ашылған терезе тіркеу жазбасын қосуға, өзгертуге, өшіруге арналған. тіркеу жазбасын өшіру үшін тіркеу жазбасының атын белгілеп, өшіру батырмасын басамыз. Тіркеу жазбасын өзгерту үшін сол жазбаны белгілеп, «Қасиеттері» пернесін шертеміз. Онда пайдаланушы атын, ол туралы ақпараттарды және парольді өзгертуге болады. Пайдаланушыға қандай да бір операцияларды орындауға рұқсат беруге немесе бермеуге болады.
10.3.2 Жаңадан тіркеу жазбасын құру үшін «Пайдаланушылар және топтар» терезесінен «Пайдаланушы қосу» пернесін қолданады. Нәтижесінде жаңадан пайдаланушы қосу терезесі ашылады. Оның бір ерекшелігі - мұнда жаңадан қосылған пайдаланушының администратор немесе қарапайым пайдаланушы екендігін анықтайтын профиль тізімі бар. Жаңадан құрылған тіркеу жазбасымен қатар сол аттас топ пайда болады.
10.3.3 .root тіркеу жазбасымен жұмыс жасауды қарастырайық. Қауіпсіздік шарасы ретінде root тіркеу жазбасы өшірулі. Бірақ, арнайы командалар көмегімен оны іске қосуға болады. Егер root мүмкіншіліктерімен команда орындау қажет болса, онда терминалдан келесі команда теріледі:

sudo команда

Бұдан соң сіздің құпия кодыңыз сұралады:

Password:

Енгізген символдар экраннан көрінбейді. Парольді енгізіп, Enter пернесін басасыз.
Root құқығына ие графикалық бағдарламаларды жүктеу үшін gksudo бағдарламасын пайдаланған жөн. Себебі sudo графикалық бағдарламалармен тиімді жұмыс жасай алмайды және біршама уақыт өткен соң экранға қате туралы мәлімет шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет