А. Амангелді, С. Симбаева


Сөйлемді аяқтаңыз. Азаматтыққа байланысты құқықтар мен



Pdf көрінісі
бет35/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   165
10. Сөйлемді аяқтаңыз. Азаматтыққа байланысты құқықтар мен 
бостандықтар: ... 
A) шерулерге қатысу 
B) ұждан бостандығы 
C) еңбек ету, еңбегіне сай ақы алу 
D) меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу 
Е) мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары 
 
 
 
 
 
 
 


38 
7-сабақ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ 
 
1-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіз. 
Басшылыққа алу, міндетті, шектеу, тұрақтану, бесаспаптылық, жарғы, 
қауіп-қатер, қол сұқпау. 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз. 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
 
Халықаралық құқық принциптері барлық субъектілердің өз іс-
әрекетінде басшылыққа алатын ережелерден тұрады. Бұл ережелер – 
қалыптасқан халықаралық қатынастар тәжірибесінің жалпы көрінісі. 
Халықаралық құқық принциптері – барлық субъектілер үшін міндетті 
болып табылатын халықаралық құқық нормалары. Халықаралық құқықтың 
принциптерін қатаң сақтау барлық субъектілер үшін міндетті болып 
табылады. Оны бір немесе бірнеше мемлекет өзгертіп бұза алмайды. 
Халықаралық құқық принциптері әдетте шарт жасау жолымен 
қалыптасады. Олар бір мезгілде екі қызметті атқарады: халықаралық 
қатынастарды белгілі бір көлемде шектеу арқылы оның тұрақтануына әсер 
етеді және халықаралық қатынастар тәжірибесінде пайда болып жатқан 
барлық жаңалықтарды бекіту арқылы оның дамуына ықпал етеді. 
Халықаралық құқық принциптерін бұзу арқылы халықаралық қаты-
настардың басқа да субъектілерінің заңды мүдделері қозғалатын 
болғандықтан, халықаралық құқықтың барлық субъектілері принциптерді 
қатаң сақтауға міндетті. Халықаралық құқық принциптері барлық 
халықаралық құқықтық нормалар жүйесінің өлшемі болып табылады. 
Сондықтан бұл принциптер – халықаралық құқықтық тәртіптің негізі. 
Халықаралық құқықтың негізгі принциптері БҰҰ-ның Жарғысында 
көрсетілген. Халықаралық құқық принциптері бір-бірімен тығыз 
байланысты және әрқайсысы басқа принциптердің аясында қарастырылуға 
тиіс. 
Халықаралық құқық принциптері: 
– мемлекеттер егемендігінің теңдігі; 
– мемлекеттер шекараларының беріктігі; 
– қауіп-қатерді күшпен шешпеу және күш қолданбау 
– мемлекеттер аумағының тұтастығы; 
– халықаралық дауларды бейбіт шешу; 
– ішкі істерге қол сұқпау; 
адам құқығын жалпы құрметтеу
– ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеуі; 
– ынтымақтастық; 
– халықаралық міндеттерді адал орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет