А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет43/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

 
 
 
 


47 
9-сабақ 
МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
1-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіздер, сөздікті пайдаланыңыз. 
Хатталған, мойындалған, дербес, шекара сызығы, шарт, құқық, 
мызғымастық, тұтастық, құрметтеу. 
2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар: 
1 Халықаралық құқықтың қандай маңызды принциптерін білесіздер? 
2 Аумақ деген не, аймақ деген не? 
3 Мемлекеттің елтаңбасын, туын, әнұранын, астанасын кім 
айқындайды? 
4 Мемлекеттік шекара сызығы нені талап етеді? 
5 Кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты не? 
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндірме 
сөздіктен қарап, жазып алыңыз. Шекара, мызғымас, тұтастық. 
4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен 
қараңыз. 
 
ШЕКАРА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
Заңдық негізде хатталған және халықаралық тұрғыда мойындалған 
шекара – бұл кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты. Егер 
елтаңбасын, туын, әнұранын, астанасын және тағы басқаларын әр ел өзі 
дербес айқындайтын болса, ал мемлекеттік шекара сызығының өтуі тиісті 
халықаралық шарттардың жасалуын талап етеді. 
Ал ең бастысы – заңдық негізде хатталған шекара халықаралық 
құқықтың екі маңызды принципінің: шекараның мызғымастығы принципі 
мен мемлекеттің аумақтық тұтастығы принципінің мүлтіксіз сақталуына 
жәрдемдеседі. 1945 жылы БҰҰ Жарғысы бойынша, кейінірек 1970 жылғы 
Халықаралық құқық принциптері туралы Декларация бойынша қатысушы 
мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс. 
5-тапсырма. Анықтаңыз: шын немесе жалған. 
1 Заңдық негізде хатталған және халықаралық тұрғыда мойындалған 
шекара кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты. ... 
2 Рәміздерді, астананы әр ел өзі дербес айқындайды. ... 
3 Мемлекеттік шекара сызығының өтуі тиісті халықаралық 
шарттардың жасалуын талап етеді. ... 
4 Заңды негізде хатталған шекара халықаралық құқықтың екі 
маңызды принципінің мүлтіксіз сақталуына жәрдемдеспейді. ... 
5 Халықаралық құқық принциптері туралы Декларация бойынша 
мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс. ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет