67
Одақ жетістіктерінің ішінен ең басты екеуін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, жүздеген жылдар бойы қарулы жанжалдарға қатысқан мүше-
мемлекеттер арасында ұзақ мерзімдік бейбітшілік қамтамасыз етілді,
екіншіден, Одақ өз мақсаттарына ұлттардың өзіндік болмысы мен
жергілікті ерекшеліктеріне үлкен зардап келтіретін шараларға бармай қол
жеткізуде.
ЕО мәдениеттерінің ерекшелігі мен алуан түрлілігін ескеріп, олардың
әрқайсысына құрметпен қарайды. Әрбір ресми құжат он бір ресми тілге
аударылуға тиіс. Аз халықтардың тілдері мен даму мүмкіндіктері артып
отыр.
Алайда біршама табыстарға жеткенімен, барлық жұмыстар ойдағыдай
бітуде деп айту қиын. ЕО-ның ең үлкен мәселесі – жұмыссыздық 11%-дан
төмендемей-ақ қойды. Бірақ жаңа ақша бірлігі – еуроны қабылдау мүше
елдердің бәрінде іске асырылды. Дегенмен де шешімін таппаған мәселелер
жетерлік. Мәселен, Англия сияқты кейбір елдер ЕО-ның федерациялық
құрылымнан гөрі конфедерациялық құрылымда болғанын қалауы,
инвестициялардың азаюы, ЕО-ға сенімсіздік білдірушілердің артуы т.б.
Ішкі саясаттағы түрлі қайшылықтармен қатар ЕО сыртқы саясатта да
ортақ стратегиялық бағдар белгілеуде қиыншылықтарға ұшырауда. Босния
мәселесін АҚШ-тың қатысуынсыз шеше алмаған ЕО Албаниядағы
дағдарыс жөнінде де ортақ пікірге келе алмады. Соған қарамастан ЕО-ға
мүше болуға тілек білдіруші мемлекеттер аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: