А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет64/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

сөйлем құрастырыңыз. 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз. 
Сауда қатынастары, сауда және ынтымақтастық туралы келісім, 
әлеуметтік-экономикалық сала, жекешелендіру шаралары. 
2-тапсырма. Мәтінді жалғастырыңыз. 
 
ЕУРОПА ОДАҒЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ 
ЕО мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және 
Өзбекстан мемлекеттерінің арасындағы сауда қатынастары бұрынғы Кеңес 
Одағы мен ЕО арасындағы 1989 жылы жасалған сауда және 
ынтымақтастық туралы келісімге негізделген. 
ЕО 1994 жылы Қазақстан мен Қырғызстан республикаларымен 
әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасады. Жаңа 
келісімдерде 
әлеуметтік-экономикалық 
саладағы 
жан-жақты 
ынтымақтастық қарастырылған. Оған білім беру мен мамандар даярлау
жекешелендіру шаралары, энергетика, көлік пен мәдениет те кіреді. 
Келісімдерде өзара саяси қарым-қатынас пен адам құқығы туралы да 
ережелер бар. 
ЕО комиссиясы Алматыда өз өкілдігін ашты, ол Қырғызстандағы 
өкілдік 
қызметін 
де 
атқарады. 
Өзбекстан, 
Тәжікстан 
және 
Түрікменстанмен қатынас ЕО Мәскеудегі өкілдігі арқылы жүргізілуде. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 
 
1-тапсырма. Практикалық сабақта өткен мәтінді пайдаланып 
және ЕО жөнінде өзіңіз білетін мәліметтерді қоса отырып, өз 


69 
монологыңызды дайындаңыз. ЕО-ның бүгіні мен болашағы туралы 
өзіңіздің көзқарасыңызды да қосуыңызға болады. 
2-тапсырма. Газеттер мен соңғы кезде шыққан әдебиеттерден ЕО 
туралы жаңа мәліметтер жинап, шағын хабарлама жасаңыз.
3-тапсырма. Хабарламаны топ болып талқылаңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет