81
5. Мәтінді оқыңыз, таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.
ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР
«Қырғи қабақ соғыстың» ешкімге опа әпермейтініне көзі жеткен
дүниежүзінің алпауыт мемлекеттері
бейбітшілік ұранын жақтап, бір-
бірімен ынтымақтасқанда ғана ортақ үйіміз – Жерді сақтап қалуға
болатындығын мойындады. Ендігі соғыстан ешкімнің ұтпайтынын да
уақыттың өзі көрсетіп отыр. Әлемде әлі де жанжалдар мен қақтығыстар
басылмай тұр. 1984 жылы ашылған (Вашингтон, Колумбия округі)
Американың
бейбітшілік
институты
халықаралық
жанжалдарды
туындататын жаңа көздерді болдырмау
және оны бейбіт жолмен шешу
мақсатында құрылған екен. Институттың жұмысы мынадай басты
бағыттарға негізделген: бірінші – халықаралық жаңа жанжалдардың неден
туындайтынын зерттеп түсіну, екінші – «қырғи қабақ соғыс» кезеңінен
кейінгі болған этникалық және діни жанжалдарды шешу әдістерін жасау,
үшінші – халықаралық мамандар біліктілігін жетілдіру үшін
оқыту мен
сынақтан өткізу бағдарламасын жасау. Бұған америкалық дипломаттармен
қоса, жанжалдарды келіссөз жолымен шешуге ықпал жасау үшін
гуманитарлық көмек бағдарламасын жүзеге асыратын қоғамдық
ұйымдардың өкілдері де кіре алады.
Американың бейбітшілік институтында жыл сайын ғалымдар мен
дүние жүзінің мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне,
сондай-ақ
белгілі кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жасалады. Олар бұл жерден
жарғыда көрсетілген тақырып бойынша бір жылдық оқу курсынан өтеді.
Бағдарламаның ағарту бөлімінде жоғары класс оқушылары мен
университет студенттері үшін халықаралық жанжалдар мен оны бейбіт
жолмен шешудің жолдары жөнінде терең
мағлұмат беретін арнаулы
курстар ұсынылады. Сонымен қатар институт кәсіби әскерилерді келісімге
ұмтылу мәселелерін шешуге дайындау үшін семинарлар ұйымдастырады.
Халықаралық келіссөздерге қатысатындарға қызмет барысында түрлі
мәдени тосқауылдарды жеңу үшін қандай тәсілдер қолдану керек екендігі
де егжей-тегжейлі үйретіледі. Үкімет басшылары да институттан
дипломатиялық
қажетті
ақыл-кеңес
ала
алады.
Халықаралық
жанжалдардың бейбіт жолмен шешілетін толып жатқан түрлері бар
екендігіне басшылардың көзі жететіндей ықпал жасау – оқу орнының
басты міндеті.
Американың бейбітшілік институты тек теориялық білім берумен
шектеліп қана қоймай, халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге
де барынша атсалысады. Басқа ұйымдар
қатарында сондай рольде
институт та Африка, Оңтүстік Азия мен дүние жүзінің басқа да
аймақтарында болып жатқан жанжалдарды шешуде ресми деңгейдегі
келіссөздер үшін негіз жасауға белсенді түрде араласуда. Корея түбегіндегі
мәселеге институттың жұмысшы тобы мен
олардың жасаған баяндамасы
82
түбектегі қалыптасып отырған жағдай жөніндегі мәселе бойынша
әкімшілік көзқарасына кәдімгідей ықпал жасаған.
Халықтар арасындағы түсініспеушіліктерді қан төгіссіз, бейбіт
шешуде тиімді жолдар табу –
қиынның қиыны, «Қырғи қабақ соғысқа»
нүкте қойылса, әлемде бейбіт өмір орнайтын шығар деген үміт әлі
ақталмай тұр. Өзге де ұйымдар секілді Американың бейбітшілік
институтының ізгілікті мақсаты – бейбітшілік жолында қызмет істеп, өзара
ынтымақтастықта өмір сүрудің, ең бастысы – келісімге келе білу керек
екенін жер бетіндегі адамдар санасына сіңіру («Егемен Қазақстан». 1997,
26 наурыз).
Достарыңызбен бөлісу: