4-тапсырма. Мәтіндегі «Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. 5-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқып, қорытынды жасаңыз. Ежелгі заманда адам тәулігіне 12-18 л су, ХІХ ғасырда 40-60 л су
тұтынатын болған. Қазіргі уақытта дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200-300
л, ірі қалаларда 400-500 л және одан да асады. Өнеркәсіп пен қала
шаруашылығының жұмсайтын суын қоса алғанда Нью-Иорк тұрғыны
тәулігіне 1045 л, Парижде – 500 л, Мәскеу мен Санкт-Петербургте 600 л су
кетіреді.
Алайда тіршілік ету үшін адамға күніне небары 2 л су қажет.
6-тапсырма. Геродоттың «Египет – Нілдің сыйы» деген сөзінің мағынасын түсіндіріңіз. 7-тапсырма. Тілек (-са/-се игі еді, -са/-се екен) модальділігін еске түсіріңіз. Мысал келтіріңіз. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 1-тапсырма. Әлемде өршіп тұрған ланкестік әрекеттер туралы хабарлама дайындаңыз. 2-тапсырма. Аталған мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. 3-тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне реферат дайындаңыз: 1 «Қазақстан – ғажапстан» (еліміздің табиғаты туралы).
2 «Қазақстанның қорықтары».
3 «Қызыл кітап» туралы не білеміз?
4 «Экология ғылымы нені зерттейді?»
4-тапсырма. Экологиялық проблемаларды шешуге өз үлесіңізді қосыңыз. «Халықаралық жоба» дайындаңыз. ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмалары ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. 1. Сөйлемді толықтырыңыз. Американың бейбітшілік институты ... мақсатында құрылған A)
халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу
B) дамушы елдердегі демографиялық проблеманы реттеу
C) бүкіл дүниежүзілік экологиялық проблемаларды шешу
D) халықаралық жанжалдарды туындататын жаңа көздерді болдырмау
Е) атом энергиясын пайдалану соғыс мақсаттарына айналып кетпеуін
қадағалау