87
Малидегі қызметінен кейін ол бірден Кеңестер Одағының Марокко
Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Мұнда ол 1983 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті.
Мали Республикасында да, Марокко Корольдігінде де М.С. Фазылов
Қазақстанның мәдениет күндерін табыспен өткізді.
1988 жылы елші Алматы мен Мекнес (Марокконың ескі астанасы)
қалаларын бауырлас қала ету жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Өзінің өмірінің соңына дейін ол Қазақстан
Республикасы Сыртқы
істер министрлігінде кеңесші болып қызмет атқарды. Дипломат,
тарих
ғылымының кандидаты М.С. Фазылов әртүрлі басылымдарда орыс, қазақ,
француз, араб тілдерінде көптеген мақалалар жариялады.
Ол өз елінің халқына адал қызмет етті. («Дипломатия жаршысы»,
1997, № 3).
Достарыңызбен бөлісу: