96
1 Келіссөз қайда, қашан өтті?
2 Келіссөзді кімдер жүргізді?
3 Келіссөзге кімдер қатысты?
4 Келіссөзде қандай мәселелер талқыланды?
5 Келіссөз қалай өтті?
6 Келіссөз қалай аяқталды.
5-тапсырма. Шақтармен жұмыс жасаңыз. Жақшаны ашып,
етістікті жедел өткен шаққа немесе ауыспалы осы шаққа
қойыңыздар.
1 Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың дамуын жоғары
(бағалау).
2 Тараптар екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық, мәдени
салада одан әрі дамуы үшін перспективалар бар деп (санау).
3 Тараптар экономикалық қатынастардың маңызды жағына (тоқталу).
4 Тараптар екі жақты қатынастардың тиімділігіне сенімділігін
(білдіру).
5 Тараптар осы мақсаттарда жан-жақты қадамдар жасауда ортақ
шешімге (келу).
6-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.
1 Саяси қатынастар саласында нені дамытуға болады, нығайтуға
болады, нені қатаң сақтауға болады?
Тірек сөздер: тату көршілік, достық
қатынастар, өзара түсіністік, сенім, мемлекеттік шекара туралы келісім.
2 Мәдени қатынастар саласында нені дамытуға болады?
Тірек сөздер:
студенттер алмасу, оқытушылар алмасу, бірлесіп ғылыми конференция
өткізу, ақпараттар алмасу, екі жақты туристік алмасуларды дамытуға
жәрдемдесу, мәдени байланыстарды дамыту.
3 Экономикалық қатынастар саласында нені дамытуға болады?
Тірек
сөздер: өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық, банк ісі саласындағы
қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту, қол қойылған екі жақты
экономикалық, сауда және қаржы шарттары мен келісімдерді жүзеге
асыру, дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: