А. Амангелді, С. Симбаева


 Сөйлемді аяқтаңыз. Еліміздің болашақта жан-жақты дамуы үшін өз



Pdf көрінісі
бет92/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

6. Сөйлемді аяқтаңыз. Еліміздің болашақта жан-жақты дамуы үшін өз 
үлесімізді ...! 
A)
қосайық 
B) қосылды 
C) қосылсақ 
D) қосылмақ 
Е) қосармын 
7. Сөйлемді толықтырыңыз. Сыртқы саясатты ... тұжырымдайды. 
A) халық 


98 
B) елбасы 
C) елшілер 
D) мәмлегерлер 
Е) саясатшылар 
8. Мақалды толықтырыңыз. Ынтымақты елге ешкім ..., ынтымақсыз 
елдің өкініші кетпес 
A) жетер 
B) кетпес 
C) жетпес 
D) кететін 
Е) кетуге тиіс 
9. Мағыналары мәндес сөздер қатарын табыңыз
A) ұзын, аласа, тапал 
B) халық, дәстүр, тарих 
C) қоян жүрек, су жүрек 
D) жүрегі таза, жүрекпен сезіну 
Е) құлақ салды, құлағын шулатты 
10. Дұрыс аудармасын табыңыз: невмешательство 
A) қауіпсіздік 
B) қол сұқпау 
C) кемсітушілік 
D) күш қолданбау 
Е) бас тартушылық 
20-сабақ 
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР 
 
1-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мына сөздерді аударыңыз: 
Мәлімдеме, құрмет, қаратпа сөз, қорытынды сөз, қабылдау, қабыл 
алыңыз, қол қою, аяқтау, сыпайы, сенім, білдіру, алғашқы. 
2-тапсырма. Мына сөздерді дипломатиялық терминдер сөздігінен 
қарап, анықтамасын жазып алыңыз: 
Дипломатиялық хат алысуылар, вербальді нота, жеке нота, төтенше 
және өкілетті елші, бір жақты құжат, көпжақты құжат, жолдау. 
3-тапсырма. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз, еске 
сақтаңыз.
 
НОТА – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ 
Жеке нота бірінші жақтан жазылады. Жеке нотаға қол қойылады. 
Жеке нота сыпайы (сыпайылықтың трафареттік фразаларымен) аяқталады. 
Жеке нотадағы қаратпа сөз: (формула обращения) Құрметті Елші мырза, 
Елші мырза, Министр мырза. Вербальді нота үшінші жақтан жазылады. 
Вербальді нотаға қол қойылмайды. Вербальді нота сыпайы аяқталады. 


99 
Вербальді нота – дипломатиялық хат алысуларда кең таралған құжат. 
Вербальді деген ұғым – «ұқыпты назар аударатын қағаз» дегенді білдіреді. 
Вербальді нота мен жеке нотаның айырмашылықтары бар. 
1 Вербальді нотаны а) үкімет; ә) Сыртқы істер министрлігі; б) Елші 
жібереді. 
2 Жеке нотадағы қаратпа сөздің орнына вербальді нотада құрмет 
білдіруден басталады. 
3 Вербальді нота үкімет атынан болса, адресатқа – үкіметке 
ережедегідей құрмет, сыйлауды білдіруден басталмайды. 
4 Үкіметтік ноталарда қорытынды мадақсөз де болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет