103
3-тапсырма. «Сен қандай мерекені ұнатасың?» деген тақырыпқа
сұхбаттасыңыз.
4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен
қараңыз.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ (ДҮНИЕЖҮЗІЛІК) АТАУЛЫ КҮНДЕР
Халықаралық
атаулы
күндерде
адамзаттың
аса
маңызды
проблемаларына назар аударылады. Осы мәселелерді жемісті түрде шешу
үшін халықаралық күндер мен апталар белгіленеді. Мұндай күндер мен
апталар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында аталады.
Олар дүниежүзілік қауымдастық өміріндегі белгілі бір маңызды
оқиғаларды есте қалдыру үшін де аталып өтіледі.
Наурыздың 21-і – Жер күні.
Наурыздың 22-сі – Бүкіләлемдік Су күні.
Наурыздың 23-і – Бүкіләлемдік метеорология күні.
Наурыздың 27-сі – Халықаралық театр күні.
Наурыздың 30-ы – Жерді қорғау күні.
Сәуірдің 1-і – Халықаралық құстар күні. Күлкі күні.
Сәуірдің 2-сі – Халықаралық балалар кітабы күні.
Сәуірдің 5-і – Бүкіләлемдік денсаулық күні.
Сәуірдің 11-і – Халықаралық фашистік концлагерлер тұтқындарын
азат ету күні.
Сәуірдің 18-і – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні.
Сәуірдің 24-і – Халықаралық жастардың ынтымақ күні.
Сәуірдің 28-і – Бүкіләлемдік бауырлас қалалар күні.
Сәуірдің 29-ы – Халықаралық би күні.
Мамырдың 3-і – Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні.
Мамырдың 8-і – Бүкіләлемдік Қызыл
крест және Қызыл жарты ай
күні.
Мамырдың 15-і – Халықаралық отбасы күні.
Мамырдың 17-сі – Халықаралық электрлік байланыс күні.
Мамырдың 18-і – Халықаралық мұражайлар күні.
Маусымның 1-і – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Маусымның 4-і – Халықаралық агрессия құрбандары болған балалар
күні.
Маусымның 5-і – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні.
Маусымның 17-сі – Бүкіләлемдік жердің құрғақшылығы мен шөлге
айналуына қарсы күрес күні.
Маусымның 23-і – Халықаралық олимпиада күні.
Маусымның 26-і – Халықаралық есірткі
және наркобизнеске қарсы
күрес күні.
Маусымның 27-сі – Бүкіләлемдік балықшылар күні.
Шілденің 1-і – Бүкіләлемдік сәулет өнері күні.
Шілденің 11-і – Бүкіләлемдік елді мекендер күні. БҰҰ құрылған күн.
104
Тамыздың 6-сы – Халықаралық ядролық қаруға тыйым салу үшін
күрес күні.
Қыркүйектің 1-і – Бүкіләлемдік бейбітшілік күні.
Қыркүйектің 8-і – Халықаралық журналистердің ынтымақ күні.
Халықаралық сауаттылықты қолдау күні.
Қыркүйектің 9-ы – Бүкіләлемдік сұлулық күні.
Қыркүйектің 16-сы – Халықаралық озон қабатын қорғау күні.
Қыркүйектің 28-ы – Халықаралық теңіз күні.
Қазанның 1-і – Халықаралық қарт адамдар күні. Халықаралық музыка
күні.
Қазанның 5-і – Халықаралық мұғалімдер күні.
Қазанның 6-сы – Халықаралық тұрғын үй күні.
Қазанның 9-ы – Халықаралық стихиялық апаттармен күресу күні.
Қазанның 14-і – Халықаралық стандарт күні.
Қазанның 16-сы – Бүкіләлемдік азық-түлік күні.
Қазанның 17-сі – Халықаралық қайыршылыққа қарсылық көрсету
күні.
Қарашаның 9-ы – Бүкіләлемдік сапа күні.
Қарашаның 10-ы – Бүкіләлемдік жастар күні.
Қарашаның 13-і – Халықаралық зағиптар күні.
Қарашаның 17-сі – Халықаралық студенттер күні.
Қарашаның 19-ы – Халықаралық темекіден бас тарту күні.
Қарашаның 21-і – Бүкіләлемдік сәлем күні.
Желтоқсанның 1-і – Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні.
Желтоқсанның 3-і – Халықаралық мүгедектер күні.
Желтоқсанның 5-і – Халықаралық экономикалық және әлеуметтік
дамуға ерікті көмек көрсетушілер күні.
Желтоқсанның 10-ы – Адам құқықтары күні.
Желтоқсанның 29-ы – Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.
Халықаралық атаулы күндер халықаралық үкіметтік және үкіметтік
емес жиындарда белгіленеді. Бұл мәселеде
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен
оның арнаулы мекемелері белсенді рөл атқарады.
Бұл күндерді атап өтуді әрбір мемлекетке ешкім де, ешбір ұйым да
міндеттемейді. Әр мемлекет өзінің мүмкіндігінше осы күндерді атап өтуге
тырысады. Мысалы, Германияда аналар күні мерекеленеді. Ал
бұрынғы
Кеңес Одағында халықаралық күндерден 8 наурыз, 1 мамыр, 12 сәуір, 1
маусым секілді мейрамдар ерекше тойланатын еді. Қазір Қазақстан
Республикасында көптеген халықаралық күндер аталып өтіледі. Олардың
ішінде балаларды қорғау мен қарттар күнінің орны бөлек. Себебі, балалар
– біздің болашағымыз болса, қарттар – өткен тарихымыз. Атақты жазушы
Чарльз Диккенс ел аралап жүріп, әуелі сол елдің қарттар үйі
мен жетім
балалар үйіне барады екен. Олардың жай-күйіне қарап, ел басшыларының
қызметіне баға беріпті. Қазақстанда да экономиканың даму деңгейінің
105
төмендігіне қарамастан жетім балалар мен қарттар үйлеріне қамқорлық
жасауда көп жұмыстар атқарылып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: