А. Амангелді, С. Симбаева


мен халқына, үкімет басшысына және Сыртқы істер министріне



Pdf көрінісі
бет98/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

мен халқына, үкімет басшысына және Сыртқы істер министріне 
жолданады. 
10-тапсырма. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелерінің 
біріне байланысты мемлекеттік және саяси қайраткерлерден келген 
ресми құттықтау жеделхаттарын (қазақ тіліндегі газеттерден) тауып 
оқыңыз. Жазылу стиліне назар аударыңыз. 


106 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
1-тапсырма. Наурыз мейрамы туралы берілген шағын мәтінді 
толықтырып, әңгіме құрастырыңыз. 
 
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ 
Наурыз – парсы сөзі, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Наурыз – 
табиғаттың жаңару мерекесі. Иран, Ирак, Ауғанстанда және Орта Азия 
мемлекеттерінде жыл басы – Жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні 
тойлайды. 21 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Содан кейін күн ұзара 
бастайды... 
2-тапсырма. Наурыз мейрамына байланысты өзіңіздің туған-
туыстарыңызға, достарыңызға құттықтау мәтінін жазыңыз. 
3-тапсырма. Мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне жолданған 
ресми құттықтаулар мен жеке адамдарға арналған құттықтаулардың 
стилін салыстырып, әрқайсысының ерекшеліктерін көрсетіңіз. 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 
 
1-тапсырма. 
Жаңа 
жыл 
мерекесі 
қай 
елде, 
қалай 
тойланатындығы жөнінде мағлұматтар жинаңыз. 
2-тапсырма. «Халықаралық атаулы күндер – адамзаттың аса 
маңызды проблемаларын шешудің бір құралы» тақырыбына эссе 
дайындаңыз. 
 
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест 
тапсырмалары ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет