194
195
мақсатты нарық тарапынан қалаған жауапты реакцияны тудыру
үшін қолданады.
Маркетинг кешеніне фирма өз тауарына деген сұранысқа
əсер етуге қолдана алатын барлық шаралар кіреді. Сандаған көп
мүмкіндіктерді негізгі төрт топқа біріктіруге болады:
тауар, баға,
тарату əдістері жəне ынталандыру.
Тауар — фирма мақсатты нарыққа ұсынатын «өнімдер мен
қызметтер» жиынтығы.
Баға — тұтынушылар тауарды алу үшін төлейтін ақшалай
сома. Фирма белгілеген баға ұсыныстың қабылданатын бағасына
сəйкес болуы қажет, олай болмаған жағдайда сатып алушылар
бəсекелестердің тауарларын сатып алады.
Тарату əдістері — əртүрлі қызметтер, осының арқасында тауар
мақсатты нарық үшін қолжетімді тауарға айналады.
7.4.1. сурет. Маркетингтің төрт түрлі құрамдас кешені
Ынталандыру əдістері — фирманың өз тауарының құндылығы
туралы мəліметтерді тарату жəне мақсатты нарықты оны сатып
алуға көндіру бойынша əртүрлі қызметтері.
Маркетингтік шараларды жүзеге асыру. Нарықтық мүмкін-
діктерді саралау, мақсатты нарықты іріктеу, маркетинг кешенін
жасау жəне оны жүзеге асыру бойынша жұмыс маркетингті бас-
қарудың көмекші жүйелерінің болуын талап етеді. Соның ішінде,
фирманың маркетингтік ақпарат жүйесі, маркетингті жоспарлау,
маркетингті ұйымдастыру жəне маркетингтік бақылау қызметі
болу қажет.
Маркетингті жоспарлау жүйесі. Фирма бірден екі жүйені
қолданады: стратегиялық жоспарлау жүйесі жəне маркетингті
жоспарлау жүйесі.
Стратегиялық жоспарлау жүйесінің негізі кез келген компанияда
бірнеше қызмет саласы болатындығына байланысты. Қызметтің
əрбір саласы бірнеше тауармен ұсынылады.
Бұл қызмет салалары мен тауарлардың барлығы бірдей тартымды
емес. Кейбір өндірістер өсуде, екіншілері бір деңгейде тұрақтады,
үшіншілері құлдырауда.
Компания өз өсімін сақтау үшін, келешегі мол жаңа өндірістерді
жеткілікті дəрежеде ашатынына (немесе тауар ұсынады) сенімді
болуы тиіс. Бұған қоса, фирма өзінің шектеулі ресурстарын қазіргі
өндірістердің арасында қалай бөлетінін нақты білуі керек. Ақшаны
табыссыз өндірістерді сақтауға жұмсап, келешегі мол өндірістерге
бөлмеу қателік болар еді. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты —
фирманың мықты өндірістерді тауып, оларды дамытатындығына,
ал əлсіздерін қысқартып немесе тіпті жабатындығына көз жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: