А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет119/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   165
Халықтың қартаюы. Түрлі жастағы топтардың саны əртүрлі 
қарқынмен өзгеріп отырады. 
Сондықтан, жастар нарығына қызмет көрсететін нарық қайрат-
керлері ересек ұрпақ нарықтарына ауысуда. 
Қысқамерзімді жəне ортамерзімді кезеңдер шегінде белгіленген 
демографиялық тенденциялар дамудың ерекше сенімді факторы 
болып табылады. Фирма негізгі демографиялық тенденциялар 
тізімін алып, олардың əрбірінің өзі үшін қаншалықты маңызды 
екендігін дəл анықтай алады. Қызметтің үш саласында қол-
данылатын мұндай жұмыстың нəтижелері 7.3.1. кестеде ұсынылған. 
Мысалы, əуе компаниясы үшін келтірілген барлық демографиялық 
тенденциялар сату көлемі мен кіріс деңгейіне жағымды əсер етуге 
тиісті.  
7.3.1.сурет. Фирманың қызметіндегі макроортаның негізгі факторлары
7.3.1. кесте 
Өзгерістердің халық құрамындағы конъюнктураға əсері
Тенденция
Əуе компаниясы
Киім
Тұрмыстық 
электр 
техникасы
«Балалар дүмпуі» 
уақытының 
ұрпағы орта 
жастың құрамына 
кіреді
Жыл өткен 
сайын көптеген 
адамдардың 
саяхатқа төлейтін 
артық ақшалары 
көбейе бастайды 
+ + +
Жыл өткен 
сайын 
күнделікті 
арзан киімдерді 
сатып алудан 
сапалы 
киім сатып 
алуға көшіп, 
киімге көп 
ақша жұмсай 
бастайды + + +
Табыстың артуы 
жоғары сапалы 
стереожүйе, 
теледидар, 
басқа да 
аппаратуралар 
алуға қажетті 
ақшаны 
қамтамасыз 
етеді + + 
Егде адамдардың 
саны өсуде
Олардың саяхат 
жасауға уақыттары 
бар, бірақ 
инфляцияның 
кесірінен осыған 
қажетті қаржыдан 
айрылуы мүмкін + 
Егде адамдар 
киімге аз ақша 
жұмсайды 
Сұраныс үлкен 
емес.
Көбіне ескі 
аппаратураны 
пайдалануға 
мəжбүр
Жұмыс істейтін 
əйелдер саны 
өсуде 
Табыстың екінші 
көзі көптеген 
əйелдерге сапар 
шегуге мүмкіндік 
береді, ақшасы 
бар жалғызбасты 
əйелдердің саны 
артуда + + +
Іскер əйелдерге 
көп киім қажет 
жəне олардың 
осы киімдерді 
сатып алуға 
ақшалары 
жетеді + + + 
Көптеген жəне 
жоғары сапалы 
тауарларды 
сатып алуға 
қабілетті + +
Отбасылық 
ұяшықтардың 
ұсақталуы
Салықтарды 
төлегеннен кейін 
табыстың үлкен 
сомасына ие 
болады
Бөлшек 
саудадағы 
жоғары 
табысты 
қамтамасыз 
ететін жоғары 
сапалы 
тауарларды 
сатып алу 
тенденциясы
Адам басына 
шаққандағы 
табыстың үлкен 
сомасы; 
электрондық 
ойын-сауықтар 
отбасылық 
қызметтердің 
басқа түрлерін 
ығыстыруда + + 
Ескерту: + + + едəуір жағымды əсер, + + жағымды əсер, + 
əлсіз жағымды əсер.
Д
емографиялық
фак
то
рлар
Эк
оно
мик
алық
фак
то
рлар
Саяси
фак
то
рлар
Мəдени
ор
та
фак
то
рлар
Фирма
Табиғи
фак
-
торл
ар
Ғылыми
-
техник
алық
фак
торлар


190
191
Экономикалық орта. Нарық үшін адамдардың өздерімен 
қатар, олардың сатып алу қабілеттіліктері де маңызды. Сатып алу 
қабілеттіліктерінің жалпы дəрежесі ағымдағы табыс дəрежесіне, 
бағаға, қаржы сақтауға, несие алудың қол жетімділігіне байла-
нысты. Сатып алу қабілеттілігіне экономикалық құлдырау, жұмыс-
сыздықтың көптігі, несие алу құнының өсуі əсер етеді. 
Нарық қайраткерлері табыстардың бөлінуіндегі географиялық 
ерекшеліктерді де ескеруге тиісті. Олар өз күштерін келешекте 
табысты болатын аудандарға шоғырландыруы керек. 
Табиғи орта. 60-жылдары қоғам дамыған мемлекеттердегі 
өнеркəсіптік қызметтер қоршаған ортаға зиянын тигізеді деп 
алаңдады.
Мазасызданған заң шығарушылар қоршаған ортаны қорғау 
бойынша түрлі шараларды ұсына бастады. Қоршаған ортадағы 
өзгерістер фирмалар өндіретін жəне нарыққа ұсынатын тауарларға 
да əсер етті.
КЕЙБІР ШИКІЗАТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ. Мұнай, тас 
көмір, басқа да жаңармайтын ресурстардың азаюына байланысты 
маңызды мəселе туындауда.
Бастапқы шикізаттардың барлығына қарамастан, тапшы 
саналатын пайдалы қазба байлықтарды қолданатын фирмалардың 
қызметі күрделеніп, анағұрлым үлкен шығындарды талап етуі 
мүмкін. Ал бұл шығындарды тұтынушылардың иығына арту 
оңайға түспейтін шығар. Ғылыми-зерттеу жəне іздеу жұмыстарымен 
айналысатын фирмалар шикізаттың жаңа көздерін ашу жəне жаңа
материалдар шығару арқылы бұл мəселені ішінара шеше алады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ ҰЛҒАЮЫ. Өнер-
кəсіптік қызмет барлық уақытта қоршаған ортаға зиян келтіреді. 
Осы мəселеге қатысты қоғамдағы алаңдаушылық жағдайға 
икемделетін фирмалардың алдында жақсы маркетингтік 
мүмкіндіктер ашып отыр. Қоршаған ортаға зиян келтірмейтін 
өндіріс пен тауарлардың жаңа орауыштарының балама тəсілдерін 
іздеу басталды. 
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛ-
ДАНУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ҮРДІСІНЕ БАТЫЛ АРА-
ЛАСУЫ. Маркетинг қызметінің басшылығы осы мəселелердің 
барлығын назарда ұстауға тиісті. Бұл фирма қызметіне қажетті 
ресурстарды, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін дəрежеде алу 
мүмкіндігіне ие болу үшін қажет. Бұл мағынада кəсіпкерлік қызмет 
мемлекеттік органдардың да, қоғамдағы ықпалды топтардың да 
мықты бақылауында қалатын болар. Бизнес реттеудің барлық 
формаларына қарсылық көрсетудің орнына, мемлекеттің алдында 
тұрған материалдық ресурстармен жəне энергиямен қамтамасыз 
ету мəселесін шешуге қатысу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет