А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Нарықтық ұстаным бойынша ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет126/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   165
Нарықтық ұстаным бойынша ұйымдастыру. Көптеген 
фирмалар өз ассортиментіндегі тауарларды сипаты жағынан 
əртүрлі жеке тұтынушылар, іскер кəсіпорындар, мемлекеттік 
мекемелер нарығына сатады. Нарықтық ұстаным бойынша 
ұйымдастыруды əртүрлі нарықтардағы сатып алушылық мінез-
құлық əртүрлі болған немесе тауарға қатысты талғамдар əралуан 
болған жағдайларда қолданған дұрыс.
Тауарлы-нарықтық ұстаным бойынша ұйымдастыру. Көп-
теген əртүрлі тауарларды көптеген əртүрлі нарықтарға сататын 
фирмалардың алдында мынадай мəселе тұрады: тауар бойынша 
басқарушыдан бір-бірінен өзгешеленетін нарықтар жөнінде білімді 
талап ететін тауарлық өндіріс бойынша ұйымдастыру жүйесін 
пайдалану қажет пе, əлде нарықпен жұмыс бойынша басқарушы 
өздерінің нарықтарында сатылатын түрлі тауарлармен таныс 
болуға тиісті нарықтық ұстаным бойынша ұйымдастыру жүйесін 
қолдану қажет пе? Сонымен қоса, фирма тауарлар бойынша 
басқарушылар мен нарық бойынша басқарушының қызметін қатар 
қолдана алады. 
Маркетинг бойынша вице-президент
Маркетинг 
қызметін 
басқарушы
Жарнама 
қызметі мен 
өткізуді 
ынталандыру 
қызметінің 
басқарушысы
Тауар 
бойынша 
баскару-
шысы
Маркетингтік 
зерттеулер 
қызметінің 
басқарушысы
Өткізу 
қызметін 
басқарушы


200
201
8. ФИРМАНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАСАУ
8.1. Жоспарлау
Жоспарлау екі бөліктен тұрады — стратегиялық жоспарлау 
жəне маркетингті жоспарлау.
Бақылау дегеніміз — маркетингтің стратегиялық жоспары 
шегінде қол жеткізілген нəтижелерді өлшеу жəне саралау, тиісті 
түзету түріндегі əрекеттер жүргізу болып табылады.
Формальды жоспарлаудың көптеген пайдасы болады. Мелвилл 
Бранч осы пайдаларды келесі тəртіпте көрсетеді: 1. Жоспарлау 
жетекшілерді үнемі келешекті ойлауға ынталандырады. 2. Ол фирма 
қабылдайтын шараларды нақтырақ үйлестіруге жол ашады. 3. Ол 
арқылы келесі кезекте орындалатын істің бақылауын жүргізуге 
болады. 4. Ол фирманың өз міндеттері мен саяси мақсатын нақтырақ 
анықтауға мəжбүрлейді. 5. Ол фирманың күтпеген жағдайларға 
дайын болуына көмектеседі. 6. Ол барлық лауазымды тұлғалардың 
міндеттерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет