А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет136/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

8.4. Маркетингті жоспарлау
Фирманың стратегиялық жоспары оның нақты қандай өнді-
рістермен айналысатынын анықтайды жəне осы өндірістердің 
міндеттерін мазмұндайды. Енді олардың əрбіріне қатысты ег-
жей-тегжейлі жеке жоспар құру керек. Егер өндірісте бірнеше 
ассортименттік топтар, тауарлар, маркалар мен нарықтар болатын 
болса, осы позициялардың əрқайсысына жеке жоспар құру керек. 
Аталған жоспарлардың барлығын бір ғана «маркетинг жоспары» 
терминімнен анықтаймыз. 
Маркетинг жоспарының бөлімдері. Кəдімгі немес маркалық 
өнімді шығару жоспарында келесі бөлімдер болуы керек: бақы-
лау көрсеткіштерінің мəліметтері, ағымдағы маркетингтік жағ-
дайдың мазмұны, мүмкіндіктер мен қауіптер, міндеттер мен 
мəселелер тізбегі, маркетинг стратегиясы, бюджеттер, белгіленген 
міндеттердің орындалуын бақылау тəртібі. 
БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ МƏЛІМЕТТЕРІ. Жоспардың 
ең басында жоспарда əңгіме болатын негізгі мақсаттар мен 
ұсыныстар туралы қысқа мəлімет болуы керек. Мысылы: 
Бақылау көрсеткіштерінің мəліметтері жоғары басшылыққа 
жоспардың негізгі бағытын жылдам түсінуге көмектеседі. Мəлі-
меттен кейін жоспардың мазмұнын орналастырған дұрыс. 
АҒЫМДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЖАҒДАЙ. Жоспардың 
алғашқы негізгі бөлігінде мақсатты нарықтың сипаттамасы 
жəне фирманың осы нарықтағы жағдайы беріледі. Жоспарды 
жасаушы нарықты оның үлкендігі, негізгі сегменттері, тапсырыс 
берушілердің мұқтаждықтары, ортаның өзгеше факторлары 
тұрғысынан сипаттайды, негізгі тауарларға шолу жасайды, 
бəсекелестерді санамалап, тарату каналын көрсетеді. 
ҚАУІПТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР. Бұл бөлім жетекшілерге 
болашаққа қарап, тауардың алдында туындаған мүмкіндіктер мен 
қауіптерді елестетуге көмектеседі. 
Қауіп — мақсатты маркетингтік күш салу болмаса, тауардың 
өміршеңдігін бұзуға немесе жоюға əкелетін, қолайсыз тенденция-
мен немесе нақты оқиғамен байланысты туындайтын шиеленісу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет