А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Адамдардың жаңа тауарды қабылдауға дайындығы



Pdf көрінісі
бет41/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

4.5. Адамдардың жаңа тауарды қабылдауға дайындығы 
бойынша дербес айырмашылықтары
Жаңашылдықты қабылдау — «тұлғаның жаңа идеяларды 
қабылдау бойынша өзі өмір сүретін қоғамдық жүйенің қалған 
мүшелерінен салыстырмалы түрде озық шығу деңгейі». Қалған 
адамдар жаңа тауарды айтарлықтай кеш қабылдайды. 
Бұл — адамдарды қабылдау деңгейі бойынша жіктеуге мүм-
кіндік берді (4.5.1. суретті қара). Баяу бастаудан кейін жаңа тауарды 
барған сайын көп адам қабылдайды. Уақыт өте келе, олардың саны 
шарықтау шегіне жетеді, сосын тауарды əлі қабылдамағандардың 
азаю деңгейіне қарай, пайыздық көрсеткіш төмендей бастайды. 
Алғашқы 2,5 пайыз сатып алушыларды жаңашылдар, келесі 13,5 
пайыз сатып алушыларды ерте ізбасарлар деп есептейді. 
4.5.1. сурет. Тұтынушылардың жаңа тауарларды қабылдау уақыты 
бойынша санаттары
Роджерс осы бес топты құрайтын тұлғалардың арасындағы 
айырмашылықтарды қарастырады. Олар жаңа тауарды аздаған 
тəуекелге бел байлап, байқап көреді. Ерте ізбасарлар — өз 
ортасындағы пікір көшбасшылары, олар жаңа идеяларды сақтықпен 
болса да, айтарлықтай ерте қабылдайды. Ерте көпшілік — сақ 
адамдар. Олар жаңа тауарды орташа тұрғыннан ерте қабылдайды. 
Бірақ, көшбасшы болатындары сирек. Кешіккен көпшілік 
сенімсіздікпен қарайды. Бұл адамдар жаңа тауарды көпшілік байқап 
көргеннен кейін ғана қабылдайды. Ең соңғы қалып қойғандар 
— дəстүрмен байланысы бар адамдар. Олар өзгеріске күмəнмен 
қарайды, дəстүрдің басқа да жақтастарымен араласады жəне жаңа 
тауарды ол қандай да бір дəрежеде дəстүрге айналғаны үшін ғана 
қабылдайды. 
4.6. Жеке ықпал жасау рөлі
Жаңа тауарларды қабылдау үрдісінде жеке ықпал үлкен рөл 
атқарады. Жеке ықпал дегеніміз бір адамның тауар туралы 
мəлімдемесінің басқа адамның қатынасына əсері немесе оның 
тауарды сатып алу ықтималдығы. 
Жаңашылдар
2,5
Ерте 
ізбасарлар
13,5 %
Ерте 
көпшілік
34 %
Кешіккен 
көпшілік
34 %
Артта 
қалғандар
16 %


68
69
Жаңа тауарға байланысты жеке ықпал бағалау кезеңінде 
үлкен маңызға ие болады. Кеш ізбасарларға ол ерте ізбасарларға 
қарағанда, көбірек əсер етеді. Тəуекелмен байланысты жағдайларда 
ол қауіпсіз жағдайлармен салыстырғанда, өтімді болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет