4. САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮРДІСІ Ендігі кезекте тұтынушының тауарды сатып алу туралы шешім
қабылдау жолында жəне оны жүзеге асыру барысында еңсеретін
кезеңдерді қарастыратын боламыз.
4.1. суретте тұтынушы жүріп өтетін бес кезең ұсынылған:
мəселені түсіну, ақпаратты іздеу, нұсқаларды бағалау, сатып
алу туралы шешім, сатып алуға қатысты реакция. Бұл үлгіден
шығатын қорытынды, сатып алу үрдісі сату-сатып алу актісі
жасалғаннан біраз уақыт бұрын басталады, ал оның салдары осы
актіні жүзеге асырғаннан кейін ұзақ уақыт бойы байқалады. Үлгі
нарық қызметкерінің назарын шешім қабылдау кезеңіне ғана емес,
тұтастай үрдіске бағыттайды.
4.1. сурет. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі Үлгіге қарап, тұтынушының кез келген тауарды сатып алу
кезінде бес кезеңнен өтетінін көруге болады. Алайда, əдеттегі
сатып алу кезінде ол кейбір кезеңдерді өткізіп жібереді немесе
олардың реттілігін ауыстырады.
4.1. Мəселені түсіну Сатып алу үрдісі тұтынушының мəселені немесе мұқтаждықты
түсінуінен басталады. Ол өзінің қазіргі уақыттағы нақты жəне
қалаған жағдайының арасындағы айырмашылықты сезінеді.
Мұқтаждық ішкі тітіркендіргіштің əсерінен оянуы мүмкін.
Адамның əдеттегі мұқтаждықтары: аштық, шөлдеу, секс — белгілі
бір шекке дейін өсіп, түрткіге айналады. Өзінің өткен тəжірибесінен
адам бұл түрткілермен не істеу керектігін біледі жəне дəлелдері
пайда болған түрткіні қанағаттандыра алатын нысандар тобына
қарай бағыттайды.
Бұл кезеңде нарық қызметкеріне əдетте мəселені түсінуге
итермелейтін жағдайды анықтау қажет. Атап айтқанда, мыналарды
анықтау керек:
а) қандай сезілетін мұқтаждықтар мен мəселелер туындады?
ə) олардың пайда болуы немен байланысты?
б) олар адамды белгілі бір тауарға қандай жолмен бағыттады?
Мұндай ақпараттарды жинау арқылы, нарық қызметкері тұлғаның
тауарға қызығушылығын жиі тудыратын тітіркендіргіштерді анық-
тауға мүмкіндік алады. Осыдан соң, анықталған тітіркендіргіштерді
пайдалана отырып, маркетингтік жоспарды жасауға болады.