А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет67/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   165
5.11.1. суретБірқатар тауар нарықтарын тұтыну қарқындылығының 
дəрежесі бойынша сегменттеу
Нарықты, сонымен қатар, тұтыну қарқындылығы бойын-
ша бөлуге болады, олар: тауар тұтынушылардың əлсіз, орташа, 
белсенді топтары. Белсенді тұтынушылар көбіне нарықтың шағын 
бөлігін құрайды, алайда тауар тұтынудың жалпы көлемінің үлкен 
пайызы солардың үлесіне тиеді. Танымал тауарларды тұтыну 
қарқындылығы бойынша ақпарат 5.11.1. суретте көрсетілген. 


114
115
Сыраны тұтыну мысалында сұралғандардың 68 %-ының оны 
ішпейтіндігі көрсетілген. Қалған 32 %-ы əрқайсысы 16 %-дан екі 
топқа бөлінді. Олардың бірін үлесіне жалпы сыра тұтынудың
12 %-ы келетін əлсіз тұтынушылар, келесісін сыраны əлсіздерден 
жеті есе көп қолданатын 88 % белсенді тұтынушылар құрады. 
Əрине, сыра өндіруші өз маркасына бірнеше əлсіз тұтынушыдан 
гөрі, бір белсенді тұтынушыны тартқанды жөн көреді. 
Тауарды белсенді қолданушылардың демографиялық жəне 
психографиялық мінездемелері ортақ, сондай-ақ жарнама құрал-
дарына берілгендік дəрежесі бірдей.
Бұл бөлімде біз тек тауар маркаларына берілгендік мəселесіне 
ғана тоқталамыз. Бес тауар маркасын мысалға алайық: А, Ə, Б, В, 
Г. Осы тауарларға берілу дəрежесіне байланысты сатып алушылар-
ды төрт топқа бөлуге болады: 
А) Сөзсіз берілгендер. Бұл үнемі бір ғана тауар маркасын сатып 
алатын тұтынушылар. Сондықтан, сатып алушы мінез-құлқының 
А, А, А, А, А, А типінің схемасы тұтынушының А маркасына 
сөзсіз берілгендігін көрсетеді;
Ə) Шыдамды берілгендер. Бұл — екі-үш тауар маркасына 
берілген тұтынушылар. Сатып алушы мінез-құлқының А, А, Б, Б, 
А, Б типінің схемасы тұтынушының А жəне Б тауар маркаларының 
арасында бөлінген берілгендігін көрсетеді;
Б) Тұрақсыз берілгендер. Бұл — өз таңдауын бір тауар маркасы-
нан өзге маркаға ауыстыратын тұтынушылар. Сатып алушы мінез-
құлқының А, А, А, Б, Б, Б типінің схемасы тұтынушыларының 
өз таңдауын А маркасынан Б маркасына ауыстырғандығын 
көрсетеді;
В) «Кезбелер». Бұл — ешқандай тауар маркасына берілгендік та-
нытпайтын тұтынушылар. Сатып алушы мінез-құлқының А, В, Д, 
Б, Г, Б типінің схемасы, ешқандай берілгендігі жоқ тұтынушыны 
көрсетеді, яғни, ол өзіне сол сəтте қолы жететін тауарды сатып 
алады немесе өзінде бар ассортименттен жақсырақ затты алғысы 
келеді.
Кез келген нарық осы төрт түрлі сатып алушылардың үйле-
сімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет