А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет82/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   165
6.2.13. Көлік түрін таңдау
Жөнелтушілер нақты тауарды жеткізу құралын таңдау кезінде 
алты факторды есепке алады. 6.2.13. кестеде осы факторлар 
тұрғысынан көліктің түрлері бойынша салыстырмалы сипаттама 
берілген. Егер жөнелтушіні жылдамдық қызықтырса, оның негізгі 
таңдауы əуе жəне автомобиль көліктерінің арасында болады. Егер 
оның мақсаты барынша аз шығын жұмсау болса, су немесе құбыр 
көлігінің бірін таңдайды. Дегенмен, автомобиль көлігін пайдалану 
арқылы көп нəрсе ұтуға болатын секілді. Осы көлік түрінің 
тасымалдаудағы үлесінің артуын осымен түсіндіруге болады. 
Контейнерлеудің арқасында жөнелтушілер екі немесе одан 
көп көлік түрлерін бір мезгілде қолдану əдісін жиі пайдаланады. 
Контейнерлеу — тауарды жəшіктерге немесе трейлерлерге тиеу, 
яғни бұл жағдайда тауарды бір көлік түрінен екіншісіне оңай 
артуға болады. Рельстік контрейлер — темір жол жəне автомобиль 
көлігін пайдалану арқылы тасымалдау, кеме контрейлері — су 
жəне автомобиль көлігін пайдалану арқылы тасымалдау, «рельс-
кеме» — су жəне темір жол көлігін пайдалану арқылы тасымалдау, 
«əуе-тас жол» — əуе жəне автомобиль көлігін пайдалану арқылы 
тасымалдау. Тасымалдаудың кез келген аралас түрі жөнелтушіге 
белгілі бір деңгейде пайдалы. Мысалы, рельстік контрейлер таза 
автомобильдік тасымалдауға қарағанда арзанға түседі, сонымен 
қатар икемділік пен қолайлылықты қамтамасыз етеді. 
Тасымалдау туралы шешім қабылдауда көлік түрлерінің 
арасындағы күрделі үйлесімділікті, сондай-ақ осы үйлесімділіктің 
тарату жүйесіндегі қоймалау, тауарлы-материалдық қорды ұстау 
секілді қызмет түрлері үшін салдарын ескеру қажет. Уақыт ағымына 
байланысты көлік түрлеріне қатысты шығындар өзгеретіндіктен, 
фирмаларға тауар қозғалысын ұйымдастырудың қолайлы нұсқа-
сын табу мақсатында тасымалдау схемасын қарасытыру керек. 


140
141
6.2.13. кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет