Өндіруші мен өткізуге қатысушылардың арасындағы келісім-шарттық қатынастарда баға саясатына, сату шарттарына,
аумақтық құқықтарға, қызмет көрсету құрылымдарына (жауап-
кершілік, келісім-шарттың ұзақтығы жəне оны тоқтату шарттары)
сүйенеді.
Баға саясаты негізінен өткізуге қатысушылар сауда қызметтерін
орындағаны, жаппай сатып алу жасағаны, қолма-қол ақшамен
төлегені үшін алатын жеңілдіктермен, сондай-ақ комиссиялық
ақшаның көлеміне байланысты. Сауда (функционалдық) жеңілдік-
тері — өткізу қатысушылары сақтаумен, тасымалдаумен, сатумен
жəне т.б. байланысты операцияларды орындау үшін ұсынатын баға
тізіміндегі бағадан жеңілдік жасау. Кейде жекелеген қатысушыларға
(агент, брокер сияқтыларға) функцияны орындағаны үшін
комиссиялық сыйақы төленеді. Сан жағынан жеңілдік ірі көлемде
сатып алулар үшін, қолма-қол төлегендер үшін — тауарға дереу
немесе ерте төлегені үшін ұсынылады.
Сату шарты баға мен сапа кепілдігін, төлем шарттарын,
тасымалдауды, сатылмайтын өнімдерге өтемақыны жəне қайтар-
ғаны үшін жеңілдікті анықтайды. Бағаны төмендетуге қарсы
кепілдік ерекше маңызды. Ол өткізу қатысушысын кейін басқа
фирмаларға арзанырақ сатылатын тауарға жоғары баға төлеуден
қорғайды. Егер баға төмендесе, онда бірінші сатып алушы
өтемақы алады, сондықтан өнімнің бағасы бəсекелестерде қанша
болса, ол үшін де сонша болады. Кері жағдайда, ол бəсекелестер
тұтынушылар үшін анықтайтын бағаны қоя алмайды. Кейде
өндірушілер (жабдықтаушылар) өткізу каналдарын фирманың
барлық номенклатурасымен жұмыс істеуге мəжбүрлейді. Бұл, егер
оларға басқа жабдықтаушылардан бəсекелес өнімді сатып алуға
тыйым салынбаса, заңға қайшы келмейтін жағдай.
Аумақтық құқықтар өткізуге қатысушылар немесе (жəне) олар
келісім-шарт жасаса алатын мақсатты нарықтар (мысалы, шағын
кəсіпорындар) əрекет ете алатын географиялық аудандарды
анықтайды. Мысалы, «Макдональдс» фирмасының франшиздері
секілді аумаққа ерекше құқықтың болуы да мүмкін; кейде көптеген
бəсекелес фирмалар бір ғана ауданға аумақтық құқық алады,
мəселен, «Шарп» фирмасының калькуляторларын сататын бөлшек
сауда дүкендері.
Қызмет көрсету жəне жауапкершілік құрылымдары өткізу
каналына қатысушылардың əрбірінің рөлін сипаттайды. Ол сауда
қызметкерін кімнің үйрететінін, тауарды кімнің жеткізетінін,
жарнамалық хабарландыруды кімнің дайындайтынын, қорды
кімнің сақтайтынын, витриналарды кімнің безендіретінін
анықтайды, сондай-ақ қызмет стандарттарын бекітеді. Егер арнайы
ескертулер болса, канал қатысушылары өнім сапасына қатысты
жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, өндірушілер нашар
конструкция немесе өндірістегі ұқыпсыздықпен байланысты
заңдық талаптар бойынша жауапкершілікті өздеріне алады.
Келісім-шарттың ұзақтығы жəне оны тоқтату шарттары
сауданы өндірушінің (жабдықтаушы) жасалған аумақтық нарықты
пайдаланып, оларды белгілі бір мерзім өткенге дейін айналып
өтуінен қорғайды. Өндіруші келісім-шарттың ұзақтығы шектеулі
жəне оны тоқтату бойынша шарттар анықталғандықтан, қорғалған
болып есептеледі.
Канал қатысушыларының арасындағы өзара қатынастардың
барлығы соншалықты ресімделген деп айта алмаймыз. Кейбір
фирмалар ауызша келісім негізінде өзара əрекет етеді. Бірақ, олар
мақсатқа, өтемақыға, ұсынылатын қызметтерге, келісімнің əрекет
ету ұзақтығына қатысты бір-бірін түсінбей қалады деген қауіп
бар. Жазбаша келісімдегі жалғыз шектеу — нарықтың құбылмалы
жағдайындағы икемділігінің жоқтығы.