А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет83/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Көлік түрлерінің бағасы
Көліктің 
түрі
Ж
едел
 (
есіктен
 е
сікк
е
 дейін
 ж
еткіз
у 
уақыты
)
Жөнелт
у 
жиілігі
 (
бір
 
тəу
ліктегі
ж
оспар
 
бойынша
)
С
енімді
 (
ж
еткіз
у 
графигін
 с
ақт
ау
)
Т
асым
алда
у 
қабілеттілігі
 (
əр
түр
лі
 
жүктер
ді
 т
асым
алда
у 
мүмкіндігі
)
(Қыз
мет
 көрс
етілетін
график
алық
нүктелер
 с
аны
)
Темір жол
3
2
2
2
Су 
4
5
4
1
1
4
Автомобиль
2
5
5
2
Құбыр 
5
4
3
5
Əуе 
Ескерту
Ең қолайлы
1
Делдалдармен келісім-шарт жасау
Делдалдармен келісім-шарт жасау — қызметтің заңдық негізі, 
тараптардың құқықтары мен міндерттерінің регламенті, туындаған 
талас пен келіспеушілікті (соның ішінде сот даулары!) шешу негізі. 
Келісім-шартты дайындау — өте маңызды іс. Себебі, ол екі тарапқа 
қолайлы болуымен қатар, қалыптасқан келісім жасау тəжірибесіне, 
қолданыстағы нормативтік актілерге сəйкес келуі қажет. Əдетте, 
келісім-шартты жасау туралы келіссөздер басталарда, əлеуетті 
делдалдарға экспорттаушы фирманың пікірінше, келісім-шартқа 
енгізу қажет пункттердің мəтіндерін жібереді. Бұл пункттер 
қабылданбайынша, келісім-шарт туралы келіссөздер жүргізу 
мағынасыз іс болмақ. 
Əдетте келісім-шарттардың баптарына келесі мəселелер кіреді: 
— тараптардың атауы, мекен-жайы жəне қызмет ету саласы; 
— əрбір тараптың бір-бірінің мүдделері үшін жəне бір-бірінің 
атынан жақсы əрекет ету туралы келісімдерін білдіруі; 
— келісім-шарттың мəні ретінде қызмет ететін тауарды то-
лық жəне нақты сипаттау; қызмет көрсету жəне кепілдік беру 
шарттары; 
— келісім-шарт əрекет ететін аумақтың нақты сипаттамасы; 
— делдалдың айрықша сату құқығына ие немесе ие еместігін 
көрсету; 
— тараптардың құқықтары (соның ішінде экспортер фирманың 
тікелей өткізуге құқығы, делдалдың ерекше жеңілдіктерге құқығы 
жəне т.б.);
— тараптардың бір-біріне қатысты міндеттемелері; 
— келісімнің əрекет ету мерзімі, оны ұзарту жəне бұзу шарт-
тары. 
Əдетте келісім-шартқа делдалға экспортер фирманың жазбаша 
келісімінсіз тауарға қандай да бір өзгеріс жасауға тыйым салатын 
тармақ енгізіледі. Тоқтаусыз сату мен қызмет көрсетуге кепілдік 
беру үшін, делдалды кепілдендірілген қойма қорын жасау 
мақсатында келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, кідірместен 
тауарлар мен қосалқы бөлшектердің белгілі бір санын сатып алуға 
міндеттейтін тармақты қосады. 
Нарыққа шығу күрделі іс болғандықтан, келісім-шартқа көп 
жағдайда делдалға бірінші келісім бойынша төлем ақысын 120—
180 күнде бөліп төлеу, содан соң бұл мерзімді 60 күнге дейін 
қысқарту құқығын ұсынады. Келісім-шартта экспортер фирманың 
өз тауарларының бағасын көтеру жəне бұл туралы алдын ала 
хабарландыру туралы құқығы көрсетілуі тиіс (маркетинг бойынша 
мамандардың пікірінше, əдетте делдал шикізат бағасының елеулі 
қымбаттауы немесе экспортер фирманың кəсіпорындарындағы 
жалақының өсуіне негізделуін талап етеді).
Келісім-шарттағы арнайы тармақтарда өткізу мен жарнаманы 
ынталандыру бойынша тараптардың міндеттемелері қарасты-
рылады. Барлық жарнамалық материалдар бойынша келісімін 
алу үшін экспортер фирмаға ұсыну делдалға қойылатын міндетті 
талап болып есептеледі. Бұл жарнамалық материалдар мағынасы 
жағынан жəне үндестігі бойынша фирманың жарнама жұмысының 
жалпы ұстанымдарынан өзгешеленбес үшін, сондай-ақ фирмаға 
моральдық залал тигізбес үшін жасалады. 
Келісім-шартты бұзу — ауыр рəсім. Бірақ, ықтимал түсін-
бестіктер мен сот талқылауынан аулақ болу үшін, келісім-шартта 
нақты жəне толық көрсетілуі керек. Əлемдік тəжірибеде келісім-


142
143
шартты бұзудың шүбəсіз себептері оның кез келген бабын бұзу 
болып табылады; серіктестердің бірінің банкроттығы немесе 
өзін-өзі таратуы; қатысуы істің нəтижелі болуы үшін өте қажетті 
саналатын делдал фирма қызметкерінің өлімі. «Тек аздаған елдерде 
жабдықтаушы фирма нашар жұмыс істегені үшін делдалмен келісім-
шартты бұза алады. Экспортер фирмаға осы жағдайдың орын 
алғанын жəне өзінің көңіл толмаушылығының əділетті екендігін 
дəлелдеу өте қиын жəне оның мұндай көзқарасын барлық жерде 
жақтырмайды». Келісім-шартты бұзған жағдайда өтемақы төлеу 
туралы тармақ келісім-шартқа əдетте делдалдың талабы бойынша 
ғана енгізіледі. Ал экспортер фирма бұл мəселеге қатысты бастама 
көрсетпейді. Экспортер фирма үшін келісім-шартта дедалдың 
сатылмаған барлық тауарды қайтару, өзінің қызметі туралы толық 
есеп беру, қарыздары бойынша экспортер фирмаға түпкілікті есеп 
жүргізу туралы міндеттерін көрсету анағұрлым маңызды. Келісім-
шарт бекітілген делдалдармен танысу, олардың кемшіліктері мен 
артықшылықтарын ескеру мақсатқа сəкес келеді (осы шарттарды 
орындау тəжірибесі туралы мəліметтер бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет