А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Тауарлы-материалдық қорларды ұстау



Pdf көрінісі
бет79/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   165
6.2.6. Тауарлы-материалдық қорларды ұстау
Тауарлы-материалдық қорлардың деңгейі туралы шешім 
қабылдау — тұтынушылардың қанағаттануына əсер ететін тауар 
қозғалысы саласындағы тағы бір маңызды шешім. Кез келген 
нарық қайраткері клиенттердің барлық тапсырыстарын тез арада 
орындауға қажетті тауар қорын иеленуді қалайды. Алайда, 
соншалықты үлкен қорды ұстау фирма үшін рентабельді болмайды. 
Клиенттерге қызмет көрсету деңгейінің өсуіне байланысты тауарлы-
материалдық қорларды ұстауға кететін шығындар қарқынды 
түрде өсуде. Басшылыққа тауар қорлары көлемінің артуын ақтау 
үшін, өткізу мен табыс айтарлықтай өсуде ме деген сұраққа жауап 
алу қажет. Тек осыдан кейін ғана басшылық тауардың қосымша 
партиясына тапсырыс беру керек пе, тапсырысты қандай көлемде 
берген дұрыс деген мəселелерді шеше алады. 
Қорлар көлемін басқару əдетте өзінің жетістіктері мен кем-
шіліктері бар үш стратегияның бірі арқылы жүргізіледі. 
Бірінші стратегия «тапсырыстың белгіленген көлемі» деп 
аталады. Оның мəні тапсырыс берілетін өнімдердің саны анық-
талған, белгіленген дəрежеде бекітіледі (жабдықтаушы мен сатып 
алушының арасындағы келісім бойынша), ал айнымалы үлкендік 
тапсырыс уақыты болып табылады. Бұл үшін көлік шығындарын 
барынша азайту тұрғысынан, тауар партиясының үйлесімді көлемін 
есептейді. Қоймадағы өнім қорлары тапсырысты орындау кезінде 
өнімдердің белгілі бір саны сатылып, қажетті сақтандыру қоры 
сатылмайды деген ұстаныммен анықталатын біршама үлкендікке 
жеткен уақыт «тапсырыс нүктесі» қызметін атқарады. 
Бұдан шығатыны, тапсырыстың белгіленген көлемін пайдалану 
үшін, қалдықтарға жүйелі түрде (кейде күн сайын) бақылау 
жүргізу қажет жəне есептік уақытта тапсырысты орындау бұзыл-
майтындығына сенімді болу керек. 
Екінші стратегия «белгіленген аралық» деп аталады. Ол 
бойынша тапсырыстар жүйелі түсуі тиіс, бірақ өнімдердің саны 
əр жолы əртүрлі болу қажет. Бұл жағдайда қоймадағы белгілі бір 
тауардың ең көп көлемі а) тапсырыстар арасындағы саудаға, яғни 
белгіленген аралықтағы; ə) тапсырысты орындау кезіндегі саудаға; 
б) кепілдік қордың сақталуына қажетті өнімдер санына тең. 
Белгіленген аралық өткеннен кейінгі сəттегі тексеру уақытында 
сатылған өнімдердің санын анықтайды жəне тапсырысты аталмыш 
үлкендікке жазады. 
Белгіленген аралық — экспорттаушы фирмалар үшін анағұр-
лым тиімді стратегия болып саналады. Себебі, бұл жағдайда өндіріс 
айтарлықтай біркелкі толықтырылады. Ал орталық қойма өзіндік 
буфер қызметін атқарып, сұраныстың тербелісін тегістейді.
Үшінші стратегия «бірге бір» деп аталады. Ол бойынша əрбір 
өнімге екі бөліктен тұратын (егер бөлшектер шағын немесе 
əрбіріне затбелгі жабыстыру тиімсіз болса, бөлшектердің тұтас 
қорабы бөлшектер сақталатын ұяшықта немесе контейнерде 
болады) затбелгі жабыстырылады. Сату кезінде затбелгінің бір 
бөлігі ашылып, орталық немесе аймақтық қоймаға жіберіледі, 
екінші бөлігі сатушыда есептік құжат ретінде қалады. Қойма қысқа 
мерзімнің ішінде сатушыдағы өнім қорын толықтырады. Бұл жүйе 
ұсақ агент сатушылар (дилерлер) үшін қолайлы болып табылады. 
Себебі, бухгалтерлік операцияларға кететін шығындарды азайтуға, 
сатушылардағы бөлшектер қорын жоғары деңгейде ұстауға 
мүмкіндік береді.
Қорларды басқару стратегиясын жасау кезінде мынандай 
ұстанымдар басшылыққа алынады: 
— болжанған сұраныс — шамасы кездейсоқ жəне айтарлықтай 
тұрақсыз, яғни ықтимал ретсіздіктер үлкен, болжанбаған факторлар 
елеулі; 
— өндіріс пен тапсырыс жоспарын бұрынғы мəліметтерді жай 
ғана экстраполяциялауға тырыспай, болжаған дұрыс, бұрынғы 
жағдайлардың қайталануына үміт арту мүлдем дұрыс емес; 
— болжаудың тереңдігі қаншалықты үлкен болса, болжау 
қателігі соншалықты көп өседі; 
— бастапқы ретінде алынған жабдықтау стратегиясы кез келген 
уақытта өзгеруі мүмкін; 
— алынған жедел жоспар анағұрлым терең болжанған стра-
тегиялық жоспардың бір бөлігі болуға тиісті (мысалы, жылдық 
болжамға қатысты тоқсандық болжам), бұл үшін екі болжам да 
бірдей бастапқы жағдайларға негізделу қажет; 
— алдымен жоспарды тапсырыстың көлеміне, оны орындау 
мерзіміне, тапсырыстың жиілігіне байланысты ешқандай шектеу 
қоймастан дайындайды, қосымша жағдайларды оптимизациялау 
мақсатында келесі кезеңдерде енгізген дұрыс; 


136
137
— шұғыл тапсырыстардың 100 пайыздық орындалуына ұм-
тылу экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан жеткізудің 
кепілдендірілген қысқа мерзімінің ішінде, фирманың беделін 
түсіруге əсер етпейтін қызмет көрсетудің талап етілген деңгейі 
(91—96 %) бекітілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет