А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Шектеулі қызмет көрсету циклы бар көтерме сатушылар



Pdf көрінісі
бет89/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   165
Шектеулі қызмет көрсету циклы бар көтерме сатушылар. 
Шектеулі қызмет көрсету циклы бар көтерме сатушылар өз клиент-
тері мен жабдықтаушыларына анағұрлым аз қызмет көрсетеді. 
Қолма-қол ақшаға сататын жəне тауарды жеткізіп бермейтін 
көтерме сатушы өтімді тауардың шектеулі ассортиментімен 
айналысады. Əдетте ол тауарын тауардың ақшасын дереу алу 
үшін, бөлшек саудадағы ұсақ саудагерлерге сатады жəне тауардың 
жеткізілуін соларға жүктейді. Мысалы, балық сататын дүкені бар 
бөлшек саудадағы ұсақ саудагер, əдетте таңертеңгі уақытта көтерме 
саудагерге барып, бірнеше жəшік балық сатып алып, сол арада 
ақшасын төлейді, сосын тауарды дүкенге өзі жеткізіп, өзі түсіреді. 
Коммивояжер-көтерме саудагер тауарды сатумен қатар, оны 
сатып алушыға жеткізіп береді. Мұндай саудагер қысқа мерзімге 
сақталатын өнімдердің шектеулі ассортиментімен (сүт, нан, жеңіл 
тамақтар) айналысады. Ол тауарын универсамдар, ұсақ бакалея-
гастрономдық дүкендер, ауруханалар, мейрамханалар, зауыт ка-
фетерилері мен қонақ үйлерді аралап, қолма-қол ақшаға сатады. 
Ұйымдастырушы көтерме саудагерлер тас көмір, орман 
материалдары, ауыр жабдықтар секілді жүктерді тасымалдау 
тəн салаларда жұмыс істейді. Мұндай көтерме саудагер тауар 
қорларын сақтамайды жəне тауармен тікелей жұмыс істемейді. 
Ол тапсырысты алғаннан кейін, тауарды тасымалдаудың белгілі 
бір шартымен тікелей сатып алушыға белгіленген уақытта 
жеткізетін өндірушіні табады. Ұйымдастырушы-көтерме саудагер 
тапысырысты алғаннан бастап, тасымалдау аяқталғанға дейін 
тауарға меншік құқығын, барлық тəуекелді өз мойнына алады. 
Ұйымдастырушы-көтерме саудагер тауар қорларын өзінде сақта-
майтын болғандықтан, тауарды анағұрлым арзан бағаға сатады 
жəне үнемделген қаржысының бір бөлігін өз клиенттеріне бере 
алады. 
Консигнант-көтерме саудагерлер бакалея-гастрономдық дүкен-
дерге жəне дəрі-дəрмек сататын бөлшек саудагерлерге қызмет 
көрсетеді. Олар негізінен тағамнан басқа тауар ассортименттерін 
ұсынады. Консигнант-көтерме саудагер дүкенге автофургон жібе-
реді, ал оның өкілі болса, сауда залында ойыншықтар, қағазбен 
қапталған кітаптар, техникалық тауарлар, медикаменттік жəне 
косметикалық құралдарды қояды. Консигнант көтерме саудагер 
тауар бағасын өзі белгілейді, олардың жаңа болуын бақылайды, 
дүкеннің ішінде экспозиция ұйымдастырады жəне тауарлы-
материалдық қордың есебін жүргізеді. Консигнант-көтерме 
сатушылар консигнация жағдайында сауда жасайды, яғни тауарға 
меншік құқығын өздерінде сақтайды, ал бөлшек саудагерлерге 
тұтынушылардың сатып алғаны үшін ғана есеп қояды. Осы-
лайша, олар келесі қызметтерді көрсетеді: тауарды жеткізу, оны 
орналастыру үшін сөрелерді қою, тауарлы-материалдық қор-
ларды ұстау, қаржыландыру. Олар кеңінен жарнамаланатын тауар 
маркаларымен жұмыс істейтін болғандықтан, өткізуді ынта-
ландырумен айналыспайды.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері оның құрамына 
кіретін фермерлердің ұжымдық иелігінде болады жəне жергілікті 
нарықта сатылатын ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 
айналысады. Жылдың соңында барлық табыс кооператив 
мүшелерінің арасында бөлінеді. Кооперативтер көп жағдайда 
өнім сапасын арттыруға жəне маркалық атауын насихаттауға 
тырысады: «Сан мейд» жүзімі, «Санкист» апельсині, «Даймонд» 
грек жаңғағы. 
Жіберуші көтерме саудагер бөлшек сауда саласындағы 
клиенттерге, өнеркəсіптік өндіріске жəне əртүрлі мекемелерге 
əшекей бұйымдар, косметика жəне т.б. ұсақ тауарлар каталогын 
жібереді. Мұндай көтерме сауданың негізгі тапсырыс берушілері 
жақын маңда орналасқан коммерциялық мекемелер болып 
табылады. Тапсырыс клиенттерге пошта арқылы жіберіледі немесе 
автомобильмен, болмаса көліктің басқа да тиімді түрлері арқылы 
жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет