А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет88/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   165
Көтерме саудагерлер
Көтерме саудагерлердің екі түрі болады: толық қызмет көрсету 
циклы бар жəне шектеулі қызмет көрсету циклы бар көтерме 
саудагерлер. 
Толық қызмет көрсету циклы бар көтерме саудагерлер
Толық қызмет көрсету циклы бар көтерме саудагерлер тауар қорын 
сақтау, сатушыларды беру, несиелеу, тауарды жеткізуді қамтамасыз 
ету, басқару саласында көмек беру сияқты қызметтерді көрсетеді. 
Өзінің сипаты бойынша бұл көтерме сатушылар немесе өндірістік 
мақсаттағы тауарлардың дистрибьюторлары. 
Көтерме сатушылар негізінен бөлшек сауда кəсіпорындарымен 
жұмыс істейді жəне оларға қызметтің толық жиынтығын ұсы-
нады. Олар бір-бірінен тауар ассортименттері жиынтығының 
ауқымдылығы бойынша ерекшеленеді. Аралас ассортимент 
бойынша көтерме сатушылар бірнеше тауар ассортименттерін 
сатумен айналысады. Бұл кең аралас ассортименті бар бөлшектеп 
сатушылардың да, тар бағытта маманданған тауар ассортименті 
бар бөлшек кəсіпорындардың да мұқтаждықтарын қанағаттандыру 
үшін қажет. Шағын қаныққан ассортимент бойынша көтерме 
сатушылар осы ассортименттің едəуір үлкен тереңдігінде, тауардың 
бір немесе бірнеше ассортиментті топтарымен айналысады. Мысал 
ретінде техникалық тауарлар, дəрі-дəрмек пен киімді көтерме 
сатушыларды келтіруге болады. Тар маманданған көтерме сату-
шылар тауардың белгілі бір ассортименттік тобымен айналысып, 
оны үлкен тереңдікте қамтиды. Мысал ретінде емдік тағам, теңіз 
өнімдерін, автомобиль бөлшектері бойынша көтерме сатушыларды 
айтуға болады. Олардың барлығы өз клиенттеріне таңдаудың 
айтарлықтай толық мүмкіндігін береді жəне тауар туралы едəуір 
терең білімге ие. 
Өндірістік мақсаттағы тауарлардың дистрибьюторлары негі-
зінен бөлшектеп сатушыларға емес, өндірушілерге сатады. 
Олар сатып алушыларына тауар қорын сақтау, несиелеу, тауар-
ды жеткізу секілді бірқатар қызметтерді ұсынады. Олар кең 
тауарлық номенклатурамен (бұл жағдайда оларды көбіне жаб-
дықтау үйлері деп атайды) немесе аралас номенклатурамен
болмаса мамандандырылған ассортиментпен айналыса алады. 
Өндірістік мақсаттағы тауарлардың дистрибьюторлары тек қана 
техникалық қызмет көрсету материалдарымен, жөндеумен жəне 
эксплуатациямен, негізгі жабдықтың бөлшектерімен (ішпек, дви-


148
149
гатель, т.б.) немесе жабдықтың өзімен (қол аспабы, электр аспабы, 
шанышқылы жүк тиегіш, т.б.) айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет